БҚО тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша көшбасшы өңірлер қатарына кірді
Батыс Қазақстан облысы тікелей шетелдік инвестиция тарту көрсеткіші бойынша республикада көшбасшы өңірлердің қатарына енді. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес, өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 776,5 млн АҚШ долларына жетіп, жоспар 45,7 пайызға артығымен орындалды.
Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында айтылды. Мемлекет басшысының инвестициялық ахуалды жақсарту және өңірлерге капитал тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің жетекшілігімен батысқазақстандық делегация бірқатар алыс-жақын шетелдерге іссапармен барып, әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізген болатын. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы тікелей шетелдік инвестиция көлемі бойынша республикада 4-орынға көтерілді.
Жиында өңірдің инвестициялық әлеуетін тиімді пайдалану, экономиканы әртараптандыру және жаңа өндірістерді іске қосу мәселелері талқыланды. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібін дамыту, аудан-қалаларда нақты жобаларды сүйемелдеу және инвесторларға қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілді. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 182,6 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш облыста инвестициялық белсенділіктің сақталып отырғанын көрсетеді.
Штаб отырысында Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізу үшін 5 жоба ұсынылды. Оның қатарында жылына 180 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік беретін керосин өндірісі бар. Сонымен қатар сұйық азот өндіретін зауытты жаңғырту және қалдықтарды жою әрі қайта өңдеу бойынша өндірістік база салу жоспарланған. Бұл үш жоба Бөрлі ауданында жүзеге асырылмақ.
Қазталов ауданында да ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған маңызды бастама қарастырылды. Инвестор суармалы алқаптарға су жеткізу және жаңбырлатқыш машиналар арқылы суару инфрақұрылымын салуды көздеп отыр. Жобалық қуаты жылына 52,5 мың центнер болатын нысанды биыл іске қосу жоспарлануда.
Ал Орал қаласында агротуризм мен ауыл шаруашылығы кластерін дамытуға бағытталған жоба қолға алынбақ. Құны 7 млрд теңгені құрайтын жоба аясында тұрақты және маусымдық жұмыс орындарын қоса есептегенде 600 адамды еңбекпен қамту көзделген. Бұл бастама ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттырумен қатар, қала маңындағы туризмді дамытуға да серпін береді.
Отырыс барысында ұсынылған жобалардың жүзеге асыру тетіктері, экономикалық тиімділігі және инфрақұрылымдық қажеттіліктері қаралды. Жауапты басқармаларға, қала және аудан әкімдіктеріне инвестициялық жобаларды сапалы сүйемелдеу, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу және инвесторлармен жұмысты жүйелі жалғастыру міндеті жүктелді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру

