8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2026 348 0
Заң және тәртіп

БҚО-да «Бағдаршам» жас жол қозғалысы инспекторларының облыстық слёті өңірдің барлық ауданынан келген оқушыларды біріктірді

Батыс Қазақстан облысында 15 команда мен 91 қатысушыны біріктірген «Бағдаршам» атты жас жол қозғалысы инспекторларының облыстық слёті өтті. Іс-шараға өңірдің барлық ауданынан келген командалар қатысып, бұл оқушылар арасында жас жол қозғалысы инспекторлары қозғалысын дамытуға және жол қауіпсіздігі мәселелеріне деген жоғары қызығушылықты көрсетті.


Слёт «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін, тәртібін және жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.

Үш күн бойы қатысушылар жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін, жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын, алғашқы медициналық көмек көрсету қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар олар велосипедті мәнерлеп жүргізу, жол қозғалысын реттеу және зияткерлік сайыстар бойынша жарысты.

Іс-шара барысында заңға құрметпен қарауды тәрбиелеуге, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және жол қозғалысы ережелерін сақтаудың қоғамдық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі екенін түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын — Бәйтерек ауданы, «Бауыржан ұландары» командасы

2 орын — Жәнібек ауданы, «Жас сақшы» командасы

3 орын — Ақжайық ауданы, «Жігер» командасы

Слёт жеңімпазы – Бәйтерек ауданының «Бауыржан ұландары» командасы.

Аталған команда 2026 жылғы 12–21 тамыз аралығында Қостанай облысында өтетін Ғазиз Байтасов атындағы XXI республикалық жас жол қозғалысы инспекторлары слётінде өңір намысын қорғайды.

Слёт қорытындысы бойынша қатысушылар «Жас санитар», «Жас реттеуші», «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері», «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» және «Үздік үгіт-насихат бригадасы» номинациялары бойынша марапатталды.

Республикалық кезеңге Қазақстанның өңірлік жарыстарының жеңімпаздары, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің командалары қатысады.

Мұндай іс-шараларды өткізу «Заң және тәртіп» қағидаттарын нығайтуға, оқушылардың қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға және жастардың құқықтық санасын арттыруға ықпал етеді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
291 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
279 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»