8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Мамыр 2026 337 0
Құттықтаймыз!

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерекелер – ел тыныштығы мен тәуелсіздігінің кепілі болған ерлік пен батырлықтың, қайсар рух пен отансүйгіштіктің жарқын көрінісі. Отан қорғаушылар күні – еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бейбіт өмірімізді күзетіп тұрған азаматтарға деген құрметтің белгісі болса, Жеңіс күні – қан майданда жанын қиған батырларымызға тағзым етіп, ардагерлерімізге алғыс айтатын қасиетті күн.

Бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмірі – сол сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен аға буынның ерен еңбегі мен жанқиярлығының нәтижесі. Біз олардың ерлігін әрдайым ұмытпай, құрметпен еске алуға тиіспіз.

Ел қорғаны болып жүрген барлық әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдеріне зор алғысымды білдіремін. Сіздердің адал қызметтеріңіз – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізі.

Қадірлі оралдықтар!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін! Әр шаңырақта шаттық пен береке орнасын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен,
Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
102 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
295 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»