8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қаңтар 2019 2607 0
Қоғам

«АЛПАМЫСТЫ» ЖЫРЛАДЫ (ВИДЕО)

«Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасын қолдау мақсатындағы «Алпамыс батыр» жырын оқу эстафетасын алған Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облысы филармониясының директоры Асхат Қажығалиев дастанды ерекше жырлап берді.

Өткен жылдың қыркүйегінде ақын Серік Сейтман бастаған жыр-дастаннан үзінді оқу эстафетасын алдымен актер Бекжан Тұрыс қолдап, одан әрі өнер жұлдыздары, БАҚ өкілдері, кейін министрлер мен әкімдер, депутаттар жалғап, белсенділік танытты.

Эстафетаны Орал қаласындағы «Жастар» мәдениет үйінің директоры Серік Қайырлиевтен қабылдаған Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директоры Асхат Тарасұлы қара домбыраны қолға алып, бар пейілімен «Алпамысты» жырлады. Сондай-ақ эстафетаны БҚО халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатов пен БҚО тарихи-өлкетану музейінің басшысы Мирболат Ерсаевқа жолдады.   Ұлтжанды азаматтар да үнсіз қалмас деп сенеміз!

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»