8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қаңтар 2019 3688 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ӘКІМІНІҢ  БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ АУЫСТЫ

Бүгін БҚО әкімі Алтай Көлгінов облыс активінің жиынында жаңа бірінші орынбасарын таныстырды.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов мәлім еткендей, Елбасының «100 нақты қадам»Ұлт Жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, «Өңір-орталық» ротациясы негізінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне ауысты.

Алтай Сейдірұлы облысты өркендетудегі бірлесе атқарған қызметі үшін Игорь Валерьевичке алғысын айтып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

Оның орнына ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Нәжімеденұлы Исқалиев тағайындалды.

Ғали Нәжімеденұлы Исқалиев – 1970 жылы туған. Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары «Банк Туран Әлем» АҚ Орал қаласындағы филиалында маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалында директоры, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры, «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

2012 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2014 жылыАқтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметтерін және осы күнге дейін Астана қалалық органы регенерациялау басқармасының басшысы болып жұмыс жасады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»