8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2026 941 0
Қоғам

Облыстық ардагерлер кеңесінің конференциясы өтті

Орал қаласында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының IX есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Маңызды жиынға облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов пен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев қатысып, ұйым қызметіне қатысты пікір білдірді.

Конференция барысында ардагерлер ұйымының соңғы бес жылдағы жұмысы сараланып, 2021–2025 жылдар аралығында жүзеге асырылған бастамалар мен қоғамдық жұмыстардың нәтижесі таныстырылды. Баяндамаларда ардагерлердің қоғамдық өмірдегі белсенділігі, жастар тәрбиесіне қосқан үлесі және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар сөз болды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыста 94 444 зейнеткер, 53 877 ардагер бар. Ардагерлер қозғалысының аясында 379 бастауыш ұйым қызмет атқарады. Сонымен қатар аймақта 6 соғыс ардагері, 2 096 тыл ардагері және 1 Халық қаһарманы тіркелген.

Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген есептік кезеңде атқарылған жұмыстарға тоқталып, ұйымның алдағы уақыттағы негізгі бағыттары мен жоспарларын таныстырды. Қатысушылар ардагерлер ұйымының қызметін одан әрі жандандырып, қоғамдағы рөлін күшейту бағытында бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

Өз сөзінде Тілепберген Каюпов аға буынның өмірлік тәжірибесі мен парасатты пікірі қоғам үшін әрқашан маңызды екенін айтып, олардың қоғамдық бастамаларға белсенді араласуы өңірдің дамуына оң әсер ететінін жеткізді. Сондай-ақ ол елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып жүрген ардагерлерге ризашылығын білдірді.

Жиын соңында өңірдің әлеуметтік және қоғамдық өміріне белсенді үлес қосып жүрген бірқатар ардагерге құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталды.

Әдемі Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»