8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Сәуір 2026 687 0
Білім

Ғылыми-практикалық конференция өтті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Етті мал шаруашылығы: ғылым, технологиялар, тұрақты даму» тақырыбында XXVI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


Ғылым айлығы аясында ұйымдастырылған дәстүрлі конференция бұл жолы қазақтың ақбас ірі қара мал тұқымының қалыптасқанына 75 жыл толуымен орайластырылды.

Конференцияның пленарлық отырысына университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов, облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері мен Қазақстан, Өзбекстан, Башқұртстан, Ресей ғалымдары қатысты.

Алдымен сөз алған университет ректоры Асқар Мырзахметұлы келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, конференцияның маңыздылығына тоқталып өтті. Өңір басшысының орынбасары Қалияр Шадиярұлы Батыс Қазақстан облысы – түпкілікті зерттеулер мен етті мал шаруашылығының тиімділігін арттыруға бағытталған қолданбалы жұмыстар ұштасқан маңызды ғылыми-өндірістік аймақ екенін жеткізді.

Бұдан әрі ғалымдар сөз алып, ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелерді ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры Бағлан Аймырзаев 2026-2035 жылдарға арналған мал шаруашылығын кешенді дамыту жоспарында етті бағыттағы ірі қара малдың алатын орнына тоқталса, Қазақтың ақбас тұқымы республикалық палатасының директоры Бахтияр Өтелбаев аталған сиыр тұқымының қазіргі жай-күйі мен даму бағыттары туралы баяндады.

Толығырақ “Жайық үні” газетінің №16 нөмірінен оқи аласыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»