8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қаңтар 2019 2050 0
Қалалықтар қаперіне

ҰБТ ТӨРТ РЕТ ӨТЕДІ

 Биыл ҰБТ форматы бойынша өзгерістер болмайды. Тек, тестілеу жылына 4 ретқаңтар, наурыз, маусым-шілде және тамыз айларында өткізілмек.  

Қаңтар, наурыз, тамыз айларында ҰБТ қатысқан талапкерлер сертификаттарымен тек  ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне ғана түсе алады.

Қаңтарда өтетін бірінші ҰБТ-ны ЖОО-на ақылы негізде қабылдауы үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары тапсыра алады. Облыстық білім басқармасының мәліметінше бүгінде облыстағы мектептерден 1000-нан аса оқушы осы мерзімдегі ҰБТ-ны тапсыруға өтініш білдірген. Екіншіден, жоғары оқу орындарының күндізгі ақылы бөліміне бірінші академиялық кезеңінің аяқталуына дейін, яғни уақытша қабылданған студенттер тапсыра алады.

– ҰБТ-ға енгізілген өзгерістерге байланысты шекті балды  жинай алмаған түлектер оқу орындарының бірінші курсына қабылданған болатын. Енді олардың ҰБТ-ны қайтадан тапсырып, оқуларын жалғастыруларына, яғни ресми тіркелулеріне мүмкіндік бар,  – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Маратқызы.

Үшіншіден,  жоғары оқу орындарында ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін, білім беру бағдараламалар тобы бойынша білім алып жатқандар және білім бағдарламаларының басқа топтарына ауысуға ниеттілер тапсыра алады.

Келесі ҰБТ сынағы 24-29 наурыз аралығында өтеді. Бұл да орта білім беру ұйымдарының 11(12) сынып оқушыларының ЖОО-на ақылы негізде қабылдануы үшін өтеді.

ҰБТ-ны қаңтарда тапсырғандар негізгі ҰБТ-ны маусым айында да тапсыра алады және мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатыса алады. «Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау» бойынша өтетін конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде 20  маусым мен 5 шілде аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу қажет. Яғни бұл сынаққа республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен грант алуға немесе ЖОО-на ақылы негізде оқуға тапсыруға үмітті орта білім беру ұйымдарының биылғы түлектері, техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім алғандар, өткен жылғы мектеп түлектері де қатыса алады. Қысқартылған мерзім бойынша республикалық және жергілікті бюджет есебінен оқу гранты қарастырылған жоғары білім бағдарламаларына түсуге ниетті техникалық, кәсіптік және орта мектеп түлектері де қатысады. Сондай-ақ халықаралық шәкірт алмасу бағдарламасы бойынша шетелде оқыған орта білім беру ұйымдарының түлектері, Қазақстан Республикасының азаматы емес, шетелде оқыған ұлты қазақ азаматтар республикалық және жергілікті бюджет есебінен бөлінетін грантты алу конкурсына қатысу үшін осы ҰБТ-ға қатысады.

Төртінші ҰБТ 17-20 тамыз аралығында өтпек.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
63 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
111 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
415 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
424 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
555 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
855 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
949 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1188 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1453 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1682 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1720 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1869 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2066 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2288 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»