8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қаңтар 2026 109 0
Мезгіл мәселесі

Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?

БҚО Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы БҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп облыс аумағындағы шетел азаматтарын қадағалау, олардың ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықтимал азаматтарды анықтау, шекара аймағында орналасқан елді-мекендерде заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыстар жүргізуде. Ел аумағында уақытша болатын шетелдік азаматтарды қолда бар деректер базасы бойынша тексеру тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Айталық, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын – 158 шетелдік алыпты. Жеңілдетілген тәртіппен – 155, ҚР Президенттінің Жарлығымен – 3, қандас – 38, халықаралық келісім – 90, тұрмыстағы әйелдер туралы конвенция – 27. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуға қатысты тіркелгендер: 1108 шетелдік азамат тіркелген.
БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер – 7487 (ТМД азаматтары – 7315, алыс шетел азаматтары – 172), азаматтығы жоқ тұлғалар – 64, қандастар – 1 496. 2025 жылы 553 шетелдікке (2024 ж. –621) ҚР тұрақты тұруға рұқсат берілген. Ықтияр хаты мен азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігін дайындауға – 1228 (2024 ж. – 1395) өтініш рәсімделді.
Облысқа қоныс аударып келушілердің әлеуметтік құрамына тоқталар болсақ, ТМД елдерінен 11 559 шетелдік тіркелді, оның ішінде еңбек мигранттары – 9776, отбасымен қосылу бойынша – 1016, білім алу мақсатында – 219 азамат уақытша тіркелді.
Батыс-Қазақстан облысындағы көші қон жағдайы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: шетел азаматтарынның саны 2025 жылғы 1 қаңтарда жалпы – 7487 адамды құрады, оның ішінде ТМД азаматтығы – 7315, алыс шетелде – 172. Бұл көрсеткіштер халықтың +3,2 пайызға өскенін көрсетеді. Сол секілді Көші-қон заңнамасын бұзған 519 шетелдік елден шығарылған. Оның ішінде азаматтық сот ісімен 3 адам шығарылған.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы азаматтарын құжаттандыру және тіркеу бойынша, 2025 жылдың 12 айда тұрғылықты мекенжайына тіркелгендері – 33 275, оның ішінде: уақытша тіркелгендер – 5010, тіркеу есебінен шығарылғандар – 12 958.
Алайда тұрғын үйдің иесі кәмелетке толмағандар немесе әрекетке қабілетсіз адамдар болған жағдайлар ерекше жағдай болып табылады. Көрсетілген санаттағы адамдар үшін қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.
Құжаттандыру бойынша: 2025 жылдың 12 айда БҚО ПД КҚҚБ халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімімен – 116 713 формуляр рәсімделіп, олардан 78 849 жеке куәлік және 37 864 паспорт дайындалған. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін жеке басын куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж алу объектілері мен мөлшерлемелері бөлігінде түзетулер көзделген.
Кодекстің 664-бабы 1-бөлігі 8- тармақшасына сәйкес босқын куәлігін, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғаш рет және жарамдылық мерзімінің аяқталуы бойынша беруді қоспағанда, жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж алынады. Осылайша, ҚР азаматының жеке куәлігін алуға алғаш рет өтініш білдірген адамдар (16 жасқа толғанда, оның ішінде 18 жастан асқан адамдар; 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының негізінде немесе оны жоғалтуына байланысты қалпына келтіру; Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау), сондай-ақ жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты ауыстырған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
2026 жылы 1 қаңтардан бастап жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерде қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 мың 325 теңгені құрайды. (2025 жылғы 8 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң).
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 667-бабына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды беру үшін мемлекеттік баж: Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мына көлемде:
24 бет – 17 мың 300 теңге(4 АЕК) (16 жасқа дейінгі балалар үшін);
36 бет – 34 мың 600 теңге (8 АЕК);
48 бет – 51 мың 900 теңге (12 АЕК);
Көші-қон тәртібін сақтау – тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, бұл ел тыныштығына бейжай қарамайтын әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің №5 санынан оқуға болады.
«Жайық ҮНІ»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
109 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
365 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»