Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, туристік инфрақұрылымды орнықты дамыту және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру — Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді
📌 Үкімет Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы мен ескертулерін ескере отырып, туризмді дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстайды.
✔️ Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр тиісті министрліктер мен өңір әкімдіктеріне бірқатар тапсырма берді.
1️⃣ Шетелдік турист саяхаттайтын елді таңдамас бұрын, ашық дереккөздердегі ақпараттарды, ең алдымен интернет пен әлеуметтік желілерді шолып шығады, деп атап өтті Олжас Бектенов. Соңғы төрт жылда шетелдік туристерді тарту құралдары жаңартылмаған. Ескірген ақпарат пайдаланылып келеді, мәдени, этнографиялық және басқа да материалдар қамтылмайды.
Туризм министрлігі Мәдениет министрлігі, Kazakh Tourism компаниясы және әкімдіктермен бірге бір ай мерзімде Қазақстандағы барлық мәдени, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ескере отырып, 2026 жылға арналған егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын әзірлесін.
2️⃣ Отандық кәсіпкерлердің ұлттық парктер аумағына, сондай-ақ осы тұрғыдағы басқа да орындарға кіруіне қатысты мәселелер бар.
💬Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, туристік инфрақұрылымды орнықты дамыту және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында кәсіпкерлердің ұлттық парктер мен қорықтарға, резерваттар аумақтарына реттеу арқылы кіру тетіктері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеп, ұсыныстар енгізу қажет. Экология министрлігі кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тиісті заңнамалық түзетулерді әзірлеуі тиіс💬, — деп тапсырды Олжас Бектенов.
3️⃣ Бизнес өкілдері инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде су айдындарының жағалауындағы қорғау аймақтарына қойылған шектеулерге немесе кіруге тыйым салынуына байланысты қиындықтарға тап болады. Мысалы, аквапарк құрылысына қажетті инфрақұрылым жүргізу мүмкін емес. Бұл мәселеде барлық тарапқа қолайлы болатын шешім іздеген жөн, деп атап өтті Премьер-министр.
Су ресурстары министрлігіне озық халықаралық тәжірибені зерттеп, тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеу тапсырылды.
✔️ Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
📱 @KZgovernment
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру