Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Қорғаныс ведомствосында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтайда жариялаған реформаларына арналған министрліктің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің, Бас штаб пен Қарулы күштердің басшылық құрамы қатысты. Әскер түрлері мен тектерінің қолбасшылығы, гарнизондардағы әскери бөлімдердің, мекемелер мен әскери оқу орындарының басшылығы видеоконференция арқылы қосылды.
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жеке құрамға Президенттің жиында айтқан бастамаларын жеткізді. Ол бағдарламалық мәлімдеменің кешенді сипатын атап өтіп, онда идеология, мемлекеттік біртұтастық, экономика, әлеуметтік сала, мемлекеттік басқару және сыртқы саясат мәселелері қамтылғанына тоқталды.
– Бүгінгі геосаяси жағдайда Қарулы күштер мемлекеттің тірегі әрі оның қауіпсіздігінің кепілі болып қала береді. Сондықтан біз қабылданатын шешімдерге қандай мән-мағына беріліп жатқанын нақты түсінуіміз қажет, – деп түсіндірді авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов.
Отырыста қорғаныс ведомствосының басшысы әскери қызметшілердің мемлекеттік символдарға құрметпен қарауы, патриоттық тәрбиені дамыту, жеке құрамда антқа адалдық пен елдің қауіпсіздігіне жауапкершілік негізінде тұрақты құндылықтық бағдарлар қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Отанға адалдық – әскери қызметшінің бойындағы патриотизмнің ең жоғары формаларының бірі. Осы тұрғыда офицерлер мен сержанттар құрамының тәрбиелік жұмысын, командирлердің жеке үлгісін ерекше атап өту қажет, себебі олардың жұмыс нәтижесі әскери тәртіп пен заңдылықтың сақталуына тікелей әсер етеді, – деп атап өтті ол.
Қорғаныс министрі армияның цифрлық трансформациясына қатысты мәселелерге де баса назар аударды. Бұл ретте ол жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу міндеті тұрғанын, бірақ бұл процестің басқару жүйесінде тәртіп орнату, функцияларды оңтайландыру және командирлердің ресурстар мен процестерді тиімді басқару жауапкершілігін арттырумен бірге жүруі қажет екенін айтты.
Авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов қорғаныс доктринасына сәйкес Қарулы күштер ұлттық мүдделерді қорғауға, қорғаныс қабілетін нығайтуға және мемлекетті сыртқы қауіптерден сенімді қорғауға бағытталған міндеттерді орындайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар ол армияда жеке құрамның кәсібилігін арттыру, жауынгерлік дайындықты жетілдіру және әскердің жауынгерлік әзірлігін нығайту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру