АШМ-де сиыр еті экспортына енгізілген шектеулер түсіндірілді
Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін шығаруға қатысты жаңа шектеулерді қолдану тәртібін түсіндірді.
2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ІҚМ етін Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне әкетуге арналған квоталарды бөлу қағидалары қолданысқа енгізілді. Бұл норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады. Ірі қара мал етін экспорттауға арналған квотаның жалпы көлемі 20 000 тонна деңгейінде белгіленді.
Квота меншікті бордақылау алаңындағы мал басын пайдаланатын ет өңдеуші кәсіпорындардың ірі қара мал етіне бөлінеді.
Бір тұлғаға берілетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуатына байланысты. Атап айтқанда:
бордақылау алаңының қуаты 5 000 бастан жоғары болғанда — 1 000 тонна;
10 000 бастан жоғары — 2 000 тонна;
15 000 бастан жоғары — 3 000 тонна;
20 000 бастан жоғары — 4 000 тонна;
50 000 бастан жоғары — 10 000 тоннаға дейін ет экспорттауға рұқсат етіледі.
Бұл толық циклді өндірушілерді қолдауға және сыртқы сауда операцияларының ашықтығын арттыруға бағытталған.
Аталған шаралар, ең алдымен, ішкі нарық мүдделері мен мал шаруашылығын дамытудың стратегиялық міндеттерінен туындап отыр. Уақытша шектеулердің негізгі мақсаты — азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнімді терең өңдеуді ынталандыру, статистиканың айқындығын қалыптастыру және еттің шығу тегін қадағалау.
Шектеулерді енгізуге жекелеген компаниялар мен шағын сою цехтарының малды бордақылаусыз қайта сатып, меншікті өндірістік базаны дамытпастан жұмыс жүргізу тәжірибесі себеп болды. Мұндай схема алыпсатарлық делдалдыққа жол ашып, сұраныс пен ұсыныстың нақты теңгерімін бұрмалап, ішкі бағалардың өсу факторларының біріне айналды.
Сондықтан квоталау тетігі мал өсірумен және оны бордақылаумен айналыспайтын экспорттық делдалдарды жоюға әрі өндірістік инфрақұрылымға инвестиция салатын, технология енгізіп, жұмыс орындарын құратын нақты өндірушілерді қолдауға бағдарланған.
Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында сандық шектеулерді бөлу, квотаның көлемі мен қолданылу мерзімдерін айқындау орталық мемлекеттік органдармен өз құзыреті шегінде, уәкілетті органмен келісу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ішкі нарықтағы ахуалға икемді жауап беруге және ішкі тұтынудың басымдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, бұйрық қазақстандық мал шаруашылығын ұзақ мерзімді дамытуға және тұрақты ішкі нарықты қалыптастыруға бағытталған. Бұл отандық фермерлер мен ет өңдеушілердің позициясын нығайтып, тұтынушылар үшін сапалы сиыр етінің қолжетімділігін арттыруы тиіс.
www.gov.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру