Балалар аман – есен табылды!
6 шілде күні Орал қаласы Полиция басқармасына Самал шағын ауданының тұрғынынан шұғыл хабарлама түсіп, онда 2013 және 2015 жылы туған екі баланың үйден белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмағаны айтылған.
Дереу Орал қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы жедел іздестіру іс-шараларына кірісіп, жоғалған балалардың фотосуреттері мен сыртқы белгілері барлық полиция бөлімшелеріне жолданып, қаланың түрлі аймақтарында іздеу жұмыстары жүргізілді.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде сағат 23:00 шамасында полиция капитаны Азат Нұрғалиев балаларды Бірлік және Сарытау шағын аудандарының аумағынан тапты. Жасөспірімдер аман-есен, ешқандай денсаулығына зиян келмеген. Қазір балалар өз үйінде. Ата-аналары полиция қызметкерлеріне дән риза!
Орал қалалық Полиция басқармасы тұрғындарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады?! Кәмелетке толмағандардың жалғыз жүруіне жол бермеу керектігін ескертеді!
«Жайық Үні»
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру