8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қаңтар 2019 2852 0
Қалалықтар қаперіне

«ӨЛКЕТАНУ» КУРСЫ ЕНГІЗІЛДІ

Қазақстан  Республикасы Президентінің жанындағы Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес  ағымдағы оқу жылының үшінші тоқсанында 5-7 сыныптарда «Өлкетану» курсы енгізілді. Бүгін БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында жаңа курстың оқытылуы туралы баяндады.

 

Аталған курс «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті»,  «География» және «Музыка» пәндерінің аясында кіріктіріліп оқытылмақ. Оқу жүктемесінің көлемі – 20 сағат.

– 5-сыныпта бес сағат, 6-сыныпта –  жеті сағат, 7-сыныпта  – сегіз сағат оқытылады. Бұл курсты енгізу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы оқу бағдарламасын жасақтады. Осы бағдарламаға сәйкес әр өңірдің курс бойынша оқулығы дайындалды.  Оқулық туған өлкенің табиғаты мен табиғи ерекшелігін, өлке тарихы мен халықтың даму тарихын, этнографиялық ұлттық ерекшеліктері мен демографиясын, топонимикасын, өнерін,  мəдениетін т.б. қамтиды. Оқулықты құрастыруға облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары, тәжірибелі педагогтер, әдіскерлер, барлығы 17 қызметкер тартылды. Сонымен қатар 11 қызметкерден құралған эксперттік топ оқулықтың мазмұнына сараптама жасады, – дейді Шолпан Маратқызы.

 Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
138 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
126 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
352 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»