Көк Ту көкке көтерілді
Бүгін, 4 маусым – Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай, барша оралдықтар Тұңғыш Президент алаңында Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысты. Алдымен №5517 әскери бөліміндегі оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалып, Мемлекеттік Ту көтерілді. Бұдан соң аймақ басшысы Нариман Төреғалиев құттықтау сөз сөйледі.
– Бүгін, Мемлекеттік рәміздер күні. Баршаңызды осы айрықша мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының рәміздері –Ту, Елтаңба және Гимн – біздің Тәуелсіздігіміздің символы, халқымыздың бірлігі мен егемендігінің көрінісі. Олар ұлттың рухын көтеріп, елдіктің нышанын айқындайтын белгілер. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Көк байрағымыз – мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшығы. Гимн – еркіндік пен елдіктің үні. Бұл рәміздер – халқымыздың мақтанышы және ұрпақтар арманының орындалған символы». Бүгінде көк Туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде, әлемнің ең биік шыңдарында, спорт ареналарында желбіреп тұр. Гимніміз халықаралық жарыстарда шырқалып, елімізді бүкіл әлем танып келеді. Бұл – барша халқымыздың ортақ жеңісі.
Бүгін елордада Мемлекет басшысының қатысуымен Ту көтеру рәсімі өтті. Бұл дәстүр бүкіл республикада жалғасын тауып отыр. Оған Ақжайық өңірі де белсенді қатысуда. Өткен жылы Мемлекеттік Ту авторы Шәкен Ниязбековтің 80 жылдығы және Талғат Мұсабаевтың Туды алғаш ғарышқа алып шыққанына 30 жыл толуын атап өттік. Биыл Мемлекеттік Гимн авторларының бірі – Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығы. Бұл – үлкен рухани мұра. Әлемде 1200 – ге жуық ұлт бар, бірақ тек 200 – ге жуығында ғана өз жері, Туы, Елтаңбасы мен Гимні бар, қазақ елінің осы тізімде екені баршамыз үшін мәртебе. Мемлекеттік рәміздер – біздің басты ұлттық байлығымыз. «Туы биік елдің – тұғыры биік» деген дана халқымыз. Олай болса, рәміздерге деген құрметіміз арта берсін,- деді өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы.
Айта кетейік, осы шарада Орал қаласының әкімі Марат Байменов те халықтың ортасынан табылды.
«Жайық ҮНІ»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру