8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Мамыр 2025 1887 0
Білім

Мектебім, саған мың алғыс!

Бүгін, мамырдың 23- і күні, эстетикалық бағыттағы гимназияда «Мектебім, саған мың алғыс» атты тақырыпта мектеп түлектеріне арналған салтанатты жиыны өтіп, Орал қаласының әкімі М.Байменов, қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Қайыржанова және ата – аналар қатысты. Алдымен ортаға мектеп түлектері шығып, ырғала вальс биледі. Одан кейін ҚР Әнұраны шырқалды. Бұдан соң қала әкімі М.Байменов құттықтау сөз сөйледі.
– Биыл қалада 53 жалпы білім беретін мектептерде 62113 оқушы оқуды аяқтады. Соның 2723- і мектеп түлегі. Эстетикалық бағыттағы гимназияның бес түлегі «Алтын белгіге», екеуі «Үздік аттестатқа» үміткер. Бұл өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда екі есе жоғары көрсеткіш. Қымбатты түлектер, үлкендер сенімін ақтап, алдағы мемлекеттік емтихандардан сәтті өтулеріңізге тілектеспін,- деді шаһар басшысы М.Байменов. Сондай – ақ , директордың уақытша міндетін атқарушы Эльмира Алпамысова, қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Қайыржанова, ата – аналар М.Мырзашева, А .Бекжанова, М.Ихсанғалиевалар түлектерге жылы лебіздерін айтып, ақ жол, сәт сапар тіледі. Шарада «Үздік аттестат» үміткерлері, республикалық, облыстық, қалалық олимпиадалардың жүлдегерлері Б.Асылзада, Г. Қапизова 10 сынып оқушыларына «Білім кілтін» табыстап, ұстаздарына өлең жолдары мен әндерін арнады. Салтанатты жиын «Түлектер» әнімен аяқталды.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»