«Әлеуметтік желіде жазылған пікірлерге жауапкершілікпен қарауымыз керек»,- деді Президент кеңесшісі
13 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Орал қаласына атбасын бұрып, білім саласының өкілдерімен, студент-жастармен кездесті. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің Студенттер сарайында өткен жиында М. Отарбаев Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың көтерген негізгі мәселесін алға тартты.
– Батыс Қазақстан облысына іс–сапарымдағы негізгі мақсатым – биылғы жылы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдағы Мемлекетбасшысының бағдарламалық баяндамасы туралы өздеріңізбен пікір алмасу. Ұлттық құрылтай шын мәнінде қоғамда орын алып отырған өзекті де, көкейтесті мәселелердің шешім табуы негізінде құрылған ауқымды тұғырнама болып қалыптасты. Ұлттық құрылтайдағы Ел басшысының бағдарламалық баяндамасы біздер үшін мемлекеттік маңызы бар құжат болып есептеледі. Яғни, Ұлттық құрылтайдағы айтылған мәселелердің түбегейлі шешімін табуы мақсатында Мемлекет басшысы 53 тармақтан тұратын Жарлыққа қол қойды. Жиында көтерілген әрбір мәселе – сөз жүзінде емес, іс жүзінде де көрініс табуда,- дей келіп, әр елдің өз сенім – ұстанымы бар екенін, әр адам өз Отанына адал еңбек ету керегін айтты. Президенттің Ұлттық құрылтайда көтерген мәселесінің бірі – заң мен тәртіп, яғни, заң мен тәртіп аясында өмір сүру. Алмағайып кезеңдегі басты мақсат – Тәуелсіздікті нығайту, мемлекетшілдік дәстүрді жалғастыру. Сондықтан да ұсақ дүниеге мән бермей, «тырнақ астынан кір іздемей», ынтымақта болуымыз керек. Заңнан асатын барометр жоқ. Ірілікті жалғастыратын текті ұрпақ болуы қажет. Біз – Алтын орда мемлекетінің заңды мұрагеріміз. БізМемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жылтолғанын атап өттік. Біздің тарихымыз тек қана қасіретті жылдардан құралмағанын естеншығармайық. Тәуелсіздік жылдарында көптеген табыстарға қол жеткіздік. Сондықтан да әр тарихи кезеңді есте ұстайық. Елімізде алауыздық орын алмауы тиіс. Тіпті, әлеуметтік желіде жазылған пікірлердің барлығына жауапкершілікпен қарауымыз керек. Өйткені, бізді әлем бақылап отыр. Әр жасаған ісімізге жауапкершілікпен қарап, заң мен тәртіптің аясында өмір сүріп, жарасымды, үйлесімді түрде болуымыз қажет. Қоғамдық мәдениетті дамыту – біз үшін өте маңызды мәселе,- деді Президент кеңесшісі М. Нұржанұлы.
«Жайық ҮНІ»
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру