Еділ «рухты сарбаз» атанды
Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 мектеп оқушылары республикалық «Қайсар» жарысында үздік бестіктен көрінді. Барлық шарада Еділ Файзолла жарыстың ең үздік қатысушысы атанып, «Рухты Сарбаз» арнайы номинациясы мен 100 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Республикалық «Қайсар» әскери-патриоттық жарысы 2-3 мамыр күндері Қарағанды облысы Спасск әскери полигонында өтті. «Аманат» партиясы мен «Жастар Рухы» жастар ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 20 үздік команда қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар оқ ату, әскери эстафета, автоматты бөлшектеп-жинау, зияткерлік сайыстар мен тактикалық тапсырмалар арқылы өз білімдері мен шеберліктерін сынады. Биылғы жарыстың ерекшелігі – ұлттық спорт түрлері мен цифрлық пәндердің енгізілуі болды.
Ойын қорытындысында өңір намысын қорғаған Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі командасы жалпы есепте IV орын иеленсе, жекелей сында жүлделі орындарды қанжығалады. Атап айтқанда, «АК-74 автоматын бөлшектеп, жинау» бойынша Еділ Файзолла – бірінші орын, Есболат Қарасын – үшінші орынды иеленді. Ал садақ атудан Ералхан Еркебұлан – үшінші орын, командалық геотактикалық ойында – үшінші орын алды. Бұл жарыс жас ұландар үшін тек бәсеке емес, нағыз патриотизм мен рухтың сыналар алаңы болды. Қатысушылар өздерінің білімдері мен физикалық дайындықтарын көрсетіп қана қоймай, Отанға деген сүйіспеншіліктерін де паш етті.
Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру