Әскери тәртіп пен ұйымшылдықтарын көрсетті
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында «Елім деп соққан жүрек» атты әскери-патриоттық шара өтті.
Қаланың 14 мектебінен жиналған 400 ер бала мерекеге арналған шеруде бірыңғай саппен жүріп, әскери тәртіп пен ұйымшылдықтарын көрсетті.
Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, әскери дағдыларды меңгерту және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Салтанатты жиын Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларымызды бір минут үнсіздікпен еске алумен жалғасты.
Салтанатты жиынға қалалық білім беру бөлімінің басшысы Әлия Қайыржанова мен «Жастар Рухы» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Архат Исламғали қатысып, жас буынға ізгі тілектерін білдірді. Олар өз сөздерінде жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту және болашақта Отан қорғаушылар қатарын толықтырудың маңыздылығын атап өтті.
Шара барысында оқушылар оқу-далалық жиын барысында меңгерген теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, саптық шеру, әскери жаттығулар мен патриоттық әндер орындау арқылы өздерінің дайындық деңгейін паш етті. Оқу-далалық жиын аясында өткен әскери-патриоттық шара жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті арттырып, олардың азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталды.
Орал қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру