8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2025 5864 0
Қалалықтар қаперіне

Бюджет нақтыланып, жұмыс жоспары талқыланды

Бүгін, 26 наурыз күні қалалық әкімдіктің үлкен залында Орал қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Жиында Орал қаласының экономикалық және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Қадыров Орал шаһарының, кенттер мен ауылдық округтің 2025 жылға арналған бюджеттерінің жоспарлы түрде не мақсатта жұмсалатыны туралы баяндады.

Оның айтуынша, Орал қаласының бюджеттік кірістері мен шығыстары теңдестіріліп, 22,7 млд. сомасына ұлғайту жоспарланған. Атап айтқанда, облыстық бюджеттен қарастырылған нысаналы трансферттер – 27,2 млрд.теңге, кредиттер – 10,6 млрд.теңге.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн. теңге көлемінде біржолғы төлем жасау және қалалық мәдениет және демалыс саябағында Шаған өзені арқылы өтетін көпірді ағымдағы жөндеу, қалалық Жастар мәдениет сарайында креативті хаб ашу шығыстары жоспарланғанын жеткізді.

Сондай-ақ қаланы абаттандыру, сәулеттік келбетін келтіру және бағбандық серіктестердің шекараларын бекіту туралы айтып, қоғамдық кеңес мүшелеріне аталған жоспар бойынша бюджетті бекіту жөнінде ұсыныс жасады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге де назар салынды. Жиынды аталмыш кеңестің төрағасы Жұмабек Қахарұлы қортындылап, алдағы уақытта жүзеге асатын жұмыстарға әріптестерін ұйымшылдықпен атсалысуға шақырды.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
46 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
262 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
600 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
316 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»