Жайық жұрты Наурызды тойлады
Бүгін, 22 – наурыз күні Тұңғыш Президент алаңында «Наурыз – береке бастауы» атты Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай театрландырылған іс- шара өтті. Аталмыш мейрам » Күн мен Түн» хореграфиялық композициямен ашылды. Бұдан соң V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының чемпионы Б.Серіковтің бастауымен аттылар көші ортаға келіп,»Теңге ілу» ойынынан шеберлік көрсетті. Одан әрі сахнаға Қыдыр ата келіп батасын берсе, Ұмай ана ән шырқап,әжелер аластау рәсімін жасап, қыз – келіншектер мерекеге жиналған қонақтарға ақтан ауыз тигізіп, бауырсақ үлестірді. Аталмыш шараға қатысқан өңір басшысы Н.Төреғалиев құттықтау сөз сөйледі.
– Құрметті жерлестер! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әз- Наурыз – ұлтымыздың болмысын, салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, руханиятын айшықтайтын мейрам.Кеше Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «ЭКСПО» орталығындағы мерекеде барша ел тұрғындарын мейраммен құттықтады.Облыста «Наурызнама тұжырымдамасы» негізінде барлығы 1000- нан аса іс-шара ұйымдастырылды,-деді облыс басшысы.
Шуағын төккен мейрамда Алматы қаласынан келген «Номад» тобы әуелете ән салып, шараның шырайын келтірсе, «Ақжайық», «Айналайын», «Қарақат» ,»Көктем қызғалдағы» би ансамблдерінің бишілері тұрғындарға көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. Сондай – ақ мерекеде меймандар мен қала тұрғындары ақ шаңқан киіз үйлерге бас сұғып, қолөнер шеберлерінің көрмесі мен ұлттық ойындарды тамашалап, қыз – жігіттер мен балалар алтыбақан тепті. Мерекеге жиналған қала тұрғындары бір – біріне ізгі тілектерін айтып, ақсақалдардың ақ батасын алды.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру