Қош бол, қадірлі ШОЛПАН АПА!
Бүгін, 10 наурыз күні Ақ Жайық жұртшылығы таңсәріден «Алтын орда» Мәдениет үйіне жиналып, «Айтыстың Ақ Шолпаны» атанған – Қыдырниязова Шолпан Батырқызын мәңгілік сапарға шығарып салды. Ақынмен қоштасурәсіміне арнайы қатысқан Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ел атынан сөз сөйледі.

– Қадірменді жамағат! Егемен ел болғалы талай ұлыларымыз бен ұлықтарымыздан біртіндеп айырылудамыз. Бұл – өмір заңдылығы. Қашып құтыла алмаймыз. Дегенмен де, әр тұлғаның орны бөлек. Шолпан Батырқызы да сондай бітімі ерекше тұлғаның бірі. Қазақ айтысының анасы, ұлтымыздың қайраткер қызы Қыдырниязова Шолпан Батырқызының фәни дүниеден өтуіне байланысты жұбайы Шоқан ағамызға, отбасына, ет-бауыр жақын туыстарына және қаралы жиынға қатысып тұрған барша жамағатқа қайғырып көңіл айтамын. Қайғыларыңызға ортақпын. Алла қуат берсін!
Жиырмасыншы ғасырдың 1966-шы жылдары ақындар айтысының ортасынан табылып, 17 жасында қолына домбыра алып, жыр жалауын жебіреткен, саналы ғұмырын қазақ айтысының көркеюіне арнаған, ұлт руханиятына қызмет етуден талмаған, ақындықтың шолпан жұлдызы атанған, өнер қайраткері Шолпан Батырқызының өмірі мен шығармашылық жолы – үлгі мен өнегеге, парасат пен тағылымға, ғибрат пен адами құндылықтарға толы жасампаз ғұмыр. Иә, Шолпан апамыз өнер кеңістігінде қаншама бұлақтың көзін ашып, жас дарындардың тұсауын кесті. Өнер әлеміне имене аттаған қаншама құлыншақтың маңдайынан сүйіп, қанаттандырды. Қашан көрсек те жақсылыққа жаршы болып, айналасына шұғыла төгіп, жадырап жүретін-ді. Жас ұрпаққа өмірлік тәжірибесі мен санаға түйген өнегесімен жол көрсетіп, тәлім-тағылым берді. Бұл ешқашан ұмытылмайтын, жазуы өшпейтін өмір мектебінің алтын парақтары.
Өнерпаз апамызға 2-ші Республикалық ақындар айтысында бірінші орын алғаны үшін 1980 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы беріледі. Сол секілді «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының, «Құрмет» орденінің иегері атанды. Жастай қосылған отағасы, ұстаз Шохан Тнәлиев ағамыз екеуі жанұяда екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіріп, олардан ұрпақ өрбітті,- деген М. Мұсаұлы осынау қайғылы қазаға байланысты Шолпан Батырқызының отбасына ел азаматтары – Нұрлан Ноғаев, Арман Өтеғұлов, Серік Шапкеновтердің атынан көңіл айту жедел хаттары келгенін жеткізді.
Сондай-ақ, ақынмен қоштасу рәсімінде Қаратөбе ауданынан, Атырау, Ақтөбе облыстарынан арнайы делегация қатысты. Жерлестері, туыстары, достары қимас көңілден шыққан жылы –жылы сөздерін арнап, жанарға жас үйірді.
Иә, жақсы адамның ізі жоғалмайды. Жайық еліде Ақ Шолпанын ұмытпайды. Есімін де, еңбегін де ұлықтайды.
Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз мамық болсын, аяулы Шолпан апа! Біз Сізді қара жерге қимаймыз! Бірақ, амал не…
Бақұл болыңыз! Қош болыңыз!
«ЖАЙЫҚ ҮНІ»
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру