Азат елдің абыройын тасытқан
Бейсенбіде облыстық халық шығармашылығы орталығының үлкен залында ҚР Ұлттық ұланының √5517 әскери бөлімінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті.
Жиын аталмыш әскери бөлімдегі атқарылған жұмыс туралы бейне фильммен басталды. Бұдан соң «Батыс» өңірлік қолбасшысының қолбасшысы, генерал- майор Б.Қазкеевтің бұйрығымен бірқатар әскери қызметкерлерге ҚР Ұлттық ұланының √5517 әскери бөлімінің командирі, полковник Ө.Сахатов жылы лебізін айтып, Алғыс хатпен марапаттады.
Шарада запастағы полковник С.Юрченко, Қазақстан «Халық банк» АҚ – ның БҚО- дағы филиалының директоры Р.Ғұбашев жүрекжарды тілегін арнап,естелікке сыйлық табыстады.
Одан әрі әскери бөлімнің оркестрі мен Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның өнерпаздары патриоттық әндер шырқап,шараның шырайын келтірді.
Жайық үні
Бұл туралы газетіміздің келесі √9 санынан оқисыздар
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар

Жұмысшылардың мәртебесін арттырып, еңбегіне қоғамның назарын аудару қажет
