Көпұлтты қоғамдағы бірлік пен сыйластық
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» тақырыбында республикалық ғылыми конференция өтті.

Конференция жұмысына Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, университеттің профессор-оқытушылары, Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық даму басқармасының өкілдері, ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің мүшелері, студенттер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орайластырылған бұл шараның мақсаты – ұйымның қызметіне ғылыми баға беру және оның елді біріктірудегі рөлін тереңірек түсіндіру болды.
Университет ректоры, профессор, БҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Н.Х. Серғалиев конференцияны ашып, өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық әлеуетін дамыту этносаясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.
«Әлемдік жаһандану қарқынды дамып келеді, әлемде түрлі геосаяси өзгерістер орын алуда, бұл өз кезегінде планетаның әр бұрышында қақтығыстардың туындауына және жаһандық алаңдаушылықтардың артуына себеп болуда. Қазақстан осы әлемдік үдерістерден шетте қала алмайды. Еуразияның дәл ортасындағы геосаяси орналасуы елге үлкен экономикалық, транзиттік және логистикалық мүмкіндіктер береді, бірақ сонымен бірге Қазақстанды саяси, діни және этно-әлеуметтік-мәдени қауіптер объектісіне айналдырады. Сондықтан этносаралық келісім елдің саяси тұрақтылығы мен экономикалық өркендеуі үшін аса маңызды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкілқазақстандық бірегейлік моделін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады», – дедіНұрлан Серғалиев.
Конференция барысында мынадай тақырыптар талқыланды:
«Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп: Халық даналығындағы бірлік, сыйластық, ынтымақтастық мәселесі»;
«Практика предупреждения межнациональных и межконфессиональных конфликтов в молодёжной среде на примере Оренбургского государственного университета»;
«История мультикультурализма: сосуществование этнических групп»;
«Ассамблея народа Казахстана как фактор сохранения межэтнического согласия»;
«Қазақстан: көпұлтты қоғамның бірлігі мен болашағы».
Конференция нәтижесінде қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдағы жетістіктерін талқылап, алдағы уақытта оның стратегиялық рөлін арттыру жолдарын белгіледі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі этносаралық келісімнің, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың және бірегейлік моделін нығайтудағы негізгі институт болып қала бермек.
Мөлдір Садырғалиева,
М. Өтемісов атындағы БҚУ баспасөз хатшысы
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру