«Jaña klub» орталықтары таныстырылды
Бүгін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде, Батыс Қазақстан облысында жаңартылған кітапханалар – қауымдастық орталықтары салтанатты түрде ашылды. Жоба аясында Байтерек ауданының Переметное және Дариян ауылдарында алғашқы «Jaña klub» орталықтары таныстырылды.
Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төраға орынбасары Ләззат Чинкисбаева, қордың басқарма мүшесі София Айсагалиева, «TANA» қоғамдық қорының негізін қалаушы Камила Лұқпанова, сондай-ақ жергілікті қоғам өкілдері мен балалар қатысты. Шарада ауылдық қауымдастықтар үшін осындай жобалардың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
«Қазақстан халқына» қоры, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және «TANA» қоры жүзеге асырып отырған қайырымдылық жобасы аясында облыстағы 356 кітапхананың ішінен 25-і жаңартылып, қауымдастық орталықтарына айналдырылатын болады. Бұл жобамен 130 мыңнан астам тұрғын қамтылады.
Әр орталықтың кітап қоры 68 миллион теңгеден астам қаражатқа сатып алынған 800-ден аса жаңа кітаппен толықтырылады. Олардың ішінде қазақстандық және шетелдік авторлардың үздік туындылары бар.
Облыс әкімдігі орталықтарды жөндеуден өткізіп, жалпы ауданы 680 шаршы метрді құрайтын ғимараттарды жаңартты. Переметное және Дариян ауылдарындағы екі орталықты абаттандыруға 43 345 000 теңге бөлінді.
Қауымдастық орталықтары заманауи музыкалық аспаптармен, үстел ойындарымен, тігін және қолөнер жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Жергілікті тұрғындарға заманауи технологиялармен қатар, білім беру және мәдени іс-шараларға арналған алаңдар қолжетімді.
«Мемлекет басшысы жастарды қолдауға және мәдениетті дамытуға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта облысымызда бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Солардың бірі – кітапханаларды жаңғырту. Біздің өңірдегі кітапханаларды модернизациялау мен оларды қауымдастық орталықтарына айналдыруды «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырды. Сонымен қатар, «TANA» қоғамдық қоры оқырмандар үшін заманауи технологиялармен жабдықталған жайлы орта құрды. Мұнда жастарымыз жаңа білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа идеяларын жүзеге асыра алады», – деп атап өтті Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру