8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Желтоқсан 2024 23513 0
Мәслихат жаршысы

Мәслихат сессиясы өтті

Қалалық әкімдіктің үлкен залында сегізінші шақырылымның 17-ші кезекті сессиясы өтті.

Жиынды қалалық мәслихат хатшысы Есентай Қалиев жүргізді. Алдымен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абылай Нұрмақов шаһар бойынша жарықтандырудың желісіне сервистік қызмет көрсету туралы тоқталып, көптеген көшелерге жарық шамдары қойылғанын айтты.

Бұдан соң Орал қаласы мен кенттік округтер аумағында электр желілерін электрмен жабдықтау және пайдалану мәселесі бойынша «Қалалық электр тораптары» ЖШС директоры Әлібек Чудров баяндап, апатты жағдайларды азайту мақсатында облыстық реконструкциялау жобасы жасақталып, оған қажетті 7,5 млрд.теңге қаражат қарастырылып жатқанын жеткізді.

Өз кезегінде қалалық экономикалық және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Қадыров Орал қаласының және кенттердің 2024 жылға арналған бюджеттерін нақтылау туралы айта келе, мәслихат депутаттарынан 2024 жылға арналған бюджетке өзгерістер енгізуді сұрады.

Ал қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мейрам Хайров Орал қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту жөнінде ұсынысын айтты. Жиынды қорытындылаған қалалық мәслихат хатшысы Есентай Қалиев сессия жұмысын қортындылады.

Гүлжан СЕРІКОВА
Бұл туралы газетіміздің келесі 50 санынан оқисыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»