8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қараша 2024 5393 0
Қалалықтар қаперіне

Кеңесте үш мәселе тыңдалды

Бүгін, қарашаның 28-і күні қалалық әкімдіктің үлкен залында қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынға Орал қаласының әкімі Мұрат Бәйменов пен орынбасарлары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.


Қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Атауов жүргізген жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Орал қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Қайырлиев аталмыш саладағы 10 ай мерзімде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп берді.

Бұдан соң қалалық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мейрам Хайров Орал қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы мәслихаттың шешіміне сәйкес түсінік берді.

Сондай-ақ қалалық тұрғын үй – коммунальдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абылай Нұрмақов ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар легін атап өтті.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Мұрат Бәйменов шаһардың негізгі әлеуметтік маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында халықтың өмір сүру сапасын арттыру керегін нақтылап,ауқымды жұмыстардың әлі де жалғасатынын айтты.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ
Бұл туралы газетіміздің келесі санынан толықтай оқисыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
40 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
90 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
53 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»