8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қараша 2024 402 0
Мәдениет

Жан дүниесі бір бөлек

Жақында Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен «Елеулі есімдер» жобасына сәйкес «Жайығым – құтты мекенім» атты Сәуле Қарабалинаның шығармашылық кеші аншлагпен өткенін білесіздер. Сол күні Сәуле Зағдағалиқызының жырлары арқылы шырқалған әндер көрермен жүрегіне жол тартты.


Біз де
елдің қошеметіне бөленген Сәуле өнерпазға шығармашылық табыс тілеп, 2013 жылы Орал  қалалық «Жайық үні» газетіне жарияланған осы бір мақаланы оқырман назарына  ұсынуды жөн көрдік.                                          

Мен оны осыдан бес жыл бұрын алғаш көргенде Фариза ақынға  қатты ұқсаттым. Толқындалған сұрғылт шашын шалқасынан қайтарған, ешкімге ашылып тіл қатпайтын тұйық, бірақ  қарапайымдылығы жүріс-тұрысынан, өзін салмақты ұстауынан, сырт пішінінен байқалып тұрды. Қазақтың ақынжанды, өжет қыздарының көбі Фаризадай болуды армандайды. Сондай  арманның бір иесі шығар деп ойлап ем. Сөйтсем, өнерді өміріндей сүйген ақын Сәуленің өз пайымы, жан дүниесі бір бөлек екен.  


Ол күнде ерте
ңмен асығып Мәдениет басқармасына келе жатады. Жанына етене жақын, сүйікті ісіне айналған қызмет – Сәуленің жүрегін шуаққа бөлеп, көкірегіне одан сайын шабыт сыйлайтын тәрізді. Ал кешкісін көңіліне қонған жұмыстың жай-күйін күйттеп тағы да үстел басында отырғаны. Сөйтіп, арайлы таңның атқаны мен түннің батқанын тек адал еңбекпен ұштастыратын Сәуле Зайдағалиқызы «Өнер тарихы – халық тарихы» деген пайымынан айнымай, Ақ Жайықтың мәдениеті үшін  тер төгіп келеді. Иә, бес жыл бойы туған жері Казталов ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарды. Үміттің отын жүрегінде маздатқан Сәуле 2009 жылы облыстық мәдениет басқармасына қызметке  келді.  Жай келген жоқ, ауысу тәртібімен келген еді. Жазиралы кең даласын, әке-шешесінің көзін көрген туыстарын қалдырып, күйкі тірлігі қарбаласқан қалаға қоныс аударған Сәуле «шешінген судан тайынбастың» кейпін танытты. Қолға көп түсе бермейтін өнер адамдарынан рухани азық алып, сырласып, БҚО мәдениет басқармасындағы ұйымдастыру бөлімінің лауазымына сай, соған лайық еңбек етіп, өнерлі өлкенің өрісін кеңейтті.


Мәдениет
саласында жұмыс істеу үшін мәдениет пен өнерді жақсы көру керек. Облыс деңгейінде он екі ауданда мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімдері, мәдени-демалыс орталықтары және аталмыш басқармаға бағынышты жиырма тоғыз мекеме бар. Соның бәрімен байланыс жасап, жұмыстарын қадағалау  оның міндеті. Өйткені, бұл саланың тереңіне үңілу – түбі терең теңіздің астымен жүзумен тең. Алдына келген адамның қас-қабағын аңдып, тілдерін тауып, жақсылығын асырып дегендей ізгілікке тәрбиелеу арқылы өмір мәдениетін өсіріп-өркендету Сәуле секілді сабырлы, «келісіп пішкен тонды келте қылмайтын» білікті маманға ғана тән. Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын ол былтыр ҚР «Мәдениет саласының үздігі» атанды.

          Ақындығын ел біледі  

           Өмір деген қызық қой. 1981 жылы Бірік орта мектебін бітірген арманшыл  қыз Оралға келеді. Әттең-айы сол,  жолы болмай, «Су құбыры» мекемесінен  бір-ақ шығады. Күтпеген тұстан гидролог болған Сәуле араға жыл салып, А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институттың география-биология факультетіне түседі. Сөйтіп, қойын дәптеріне жыр шумақтарын тізбектеп, сұлу өлкенің сырына үңіледі. Жасынан әдебиетке құштар ару студенттік шақтың өзінде талай елді аралап, Ресей, Прибалтика, Кавказ елдерінің тамаша табиғатымен тілдеседі. Бірақ туған жерге деген сағыныш, әкесі Зайдағали мен анасы Бақытқа деген балалық махаббат маза бермейді.

«Туған жерім ыстықсың-ау, мен үшін

Алыс кетсем сағынамын ел ішін.

Топырағыңда асыр салып өстім ғой,

Игі істерім тек қана бір сен үшін»

– деп көкірегінен жыр шумақтарын төккен ару институтты ойдағыдай тәмамдап, аудандық «Пионерлер» үйінің директорынан білім саласында инспектор, әдіскер, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, комсомол комитетінің екінші хатшысы, аудан әкімшілігінің референті қызметтерін атқарады. Сегіз баланың ішінде қыздың кенжесі болғанмен үй тірлігін үйлестіріп, немере, жиендердің өсіп-өнуіне қамқоршы болады. Сәуленің ер азаматқа тән қатал мінез-құлқы болғанымен, жүрегі жұмсақ. Соның дәлеліндей:

«Толқыған сырлы жүректен,

Құлының шырқап жыр еткен.

Қадірлі әке, өзіңсің,

Бақытқа бізді бөлеткен,» – деп асқар таудай әкесіне қаламынан жыр төксе,

«Борыштымын білем апа, мен Сізге,

Білім алып талпынамын ұлы іске.

Қолым жеткен болса өмірде биігім,

Жан анашым, сенің арқаң емес пе – деп анасына назын білдірді.

 

Сәуленің ішкі сарайында өмірге құштар сезім иірімдері бар екенін көпшілік ескере бермейді. Өйткені көңілінің ала бұлтын ешкімге сездірмейтін, өзгермейтін бірқалыпты нәзік жан сыртқа сыр шашпайды, ақ қағазға ғана мұңын айтады.  Бірде: «Сіз осы қарапайым мінезді кімнен жұқтырдыңыз?» деп сауал тастадым. Ол жымиып қана: – Қарапайымдылық таптырмайтын қасиет қой. Осы мінезді бойыма сіңірген әке-шешемнің тәрбиесіне ризамын. Әкем жетпістің төртеуіне, анам сексеннің жетеуіне келіп бақилық болды. Ауданға жұмыс ауыстырғанымда ата-анамды өз қолыма көшіріп алдым. Ағайынмен мидай араласып, жарты құртты бөліп беретін, – деді.

Ақынжанды арудың жасы  егде тартқан ата-анасын аялап баққанын бірде өз көзімен көрген Қайрат Жұмағалиев: «Қарағым! Еліңе тән даналықпен, Құрбыңнан ерекше боп жаралып па ең?! Адал сүт емген перзент сендей болсын.   Сендей болсын бір перзент ана күткен,» – деп ағынан жарылып осы өлең жолдарын жазған екен. Сол секілді Ақұштап ақын да:

«Ата-ана көрген зиялы. Өмірдің тербеп күй-әні.Даласын сүйген бабамның,

Қалдырған мықты тұяғы», – деп Сәулеге өлеңмен шын ниетін білдіріпті.

Фариза, Ақұштап, Мұқағали ақындардың лирикалық жырларын жаттап өскен І санатты әдіскер-ұстаз Сәуле Қарабалина 2003 жылы туған ауылында  «Сағыныш болып қаласың» атты жеке ән кешін өткізді. «Қазақ вальсінің королі» атанған   Шәмші Қалдаяқовқа арнап «Шәмші ағаны еске алу» атты өлең жазды.

Тал бесіктен тәрбие алған

    Жүсіп Баласағұнның «Адамда жақсы қасиет болмаса – оған бақ та, бақытта қонбайды» деген нақыл сөзін жүрегіне жаттаған Сәуле Зайдағалиқызы  айналасына  мейірім мен қайырымдылықтың шуағын шашуға асығып тұрады. Ауылдастарының арасынан қол-арбаға танылған мүгедек жандарды көріп, Оралдан сынықшы Әмина апайды ертіп келгенін, көп адамның сырқатына шипа табуына септігі тиіп, сауабын алғанын ел-жұрты әлі күнге әңгімелейді.

– Бойыма ізгілік нұрын анам мен әкем берсе, алғашқы мұғалімім Маргарита Қапанова, класс жетекшім болған Асқар Хасанов,  «біздің Сәуле прокурор» болады деп мақтауын жеткізетін апайым Бақыт Мәшімбаеваның берген білімі, бала оқытудағы өзіндік ерекшелігі жұғысты болған шығар. Ал өмірде игі-жақсыларды көбірек жолықтырдым. Ақындығы өз алдына, сиқыршы әрі фотограф қабілетімен танылған Сағит Садықов, бүгінде бұл дүниеде жоқ ағаларым Закария Қабылұлы мен Қабдығали Жақып, журналист Серік Жұмағалиев, басшылық қызметте тәжірибесі мол азаматтар – Мәлік Құлшар, Айдар Батырханов, Абат Шыныбеков, Замир Сағынов  секілді  көптеген игі-жақсылар өсуіме, танылуыма дұрыс жол көрсетті, – дейді Сәуле.  

Үлгілі жанұядан, айналасындағы мерейі үстем жандардан тәлім-тәрбие алған, алдына қойған асау мақсаты бар Сәуле Қарабалина жайлы көп айтуға болады. Ұстаз, қоғам қайраткері, ақын Дариға Мұштанова:

«Мен білсем сенде ерекше жарытылыс,

Дара сөз, дара өрнек, дара тыныс.

Қалтықсыз қалпың қалқам қандай жақсы,

Соққандай өзі сомдап дала ќұрыш.

Тұрсада мұз қарыла кей жанарға,

Ортақ боп жүрсің сен де тәм-тұзына.

Өзіңдей сіңлілерім аман жүрсін,

Таңқалып ел отырсын қыздарына,» – деген өлең шумақтарын арнаған еді.                          Ер мінезді, алғыр қыз көптің батасына бөленіп, адамдарға  тек жақсылық ойлауды мақсат тұтады. Мәдениеттің мерейін өсіремін деп жан аямай еңбек етіп жүрген ол осы саланың мәнді де сәнді болып, егемен елімен бірге гүлденуін тілейді.

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА
«Жайық үні» газеті, 2013 жыл.

(Мақала сайт үшін ықшамдалды)

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
106 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
160 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
402 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
883 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1261 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1156 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1620 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2237 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2402 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2409 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2459 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2464 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2071 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2944 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2997 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2991 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3604 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3573 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3564 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3539 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3700 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»