8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қараша 2024 6485 0
Қалалықтар қаперіне

Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін, қарашаның 8- і күні, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің акт залында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмаханұлы облыс тұрғындарымен, ғылыми қоғам өкілдерімен, жоғары оқу орындарының оқытушы және студенттерімен кездесті.

Жиынды облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов ашып жүргізді. Бұдан соң ҚР Ғылым және жоғары білім вице- министрі Ахмед-Заки Дархан ғылым мен жоғары білім саласындағы өзекті мәселелер туралы баяндады.

Вице-министрдің айтуынша, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған ғылыми-зерттеу мен жер қойнауын пайдаланушы компаниялар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға көңіл бөлінуде. Бұдан бөлек университеттер базасындағы өндірістік базалар мен инновациялық жобаларды ұйымдастыруды қоса алғанда, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу перспективалары туралы да тоқталды.

Сондай-ақ жоғары білім жүйесін жаңғырту, зерттеу қызметі үшін жағдайларды жақсарту және елдегі ғылыми даярлық деңгейін арттыру жөніндегі мәселелер жөнінде тарқатып айтты. Жиынның соңында оқытушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берңп, азаматтарды өтініштері бойынша жеке қабылдады.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

Бұл туралы «Жайық үні» газетінің келесі санынан оқисыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
135 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
124 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
349 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»