8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қазан 2024 6359 0
Құттықтаймыз!

Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасуда.


Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында көктемде су тасқынынан зардап шеккендер жаңа баспананың кілтін алуда. Оның бірқатары осыған дейін берілген болса, қалғаны мерекелер кезінде табысталып отыр.

25 қазан Республика күні мерекесі қарсаңында Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Сырым ауданы Өлеңті ауылының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Данияр Бақытжановқа жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті.

Данияр Бақытжанов ішкі істер органдарында 2023 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет етіп келеді.

Бейбіт күннің өзінде түрлі қылмыстың алдын алып, қара басын қауіп-қатерге тігіп жүретін полиция қызметкерлеріне пәтер кілтінің табысталуы еңбектің еленгені деп айтуға болады.

Ауыл тұрғындары үкімет басындағыларға берген көмектері, салып берген берген су жаңа баспаналары үшін алғыстарын жеткізді.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»