8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қазан 2024 20345 0
Спорт

Ардагерлер арасында волейболдан турнир өтті

БҚО ішкі істер органдарының ардагерлері арасында ҚР Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Құрметті ардагері Ұзақбай Рамазанұлы Джаниевтың 70 жылдық мерейтойына арналған турнир өтті.

Жарысқа 50-ден астам спортшылардан құралған 4 команда қатысты. БҚО ПД облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Жұмашев Еділхан, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы қоғамдық бірлестігі БҚО филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Габдуллин Манарбек құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бір кездері учаскелік инспектор лауазымынан бастаған Ұзақбай Рамазанұлына БҚО Полиция департаменті бастығы, полиция полковнигі А.Оразалиевтің атынан құттықтау хаты оқылып, «ІІМ-нің құрметті ардагері» және «Қылмыстық іздестіру ісіне 105 жыл» төсбелгілері табысталды.

Команда мүшелерінің жасы егде тартқынымен ала допты алақанда иіріп, көпшілікті таң қалдырды.
Тартысты өткен жарыс қортындысы бойынша: І орын – БҚО Полиция департаментінің ардагерлер командасы, ІІ орынды – МАИ ардагерлер командасы, ІІІ орынды – Бөкейордасы АПб ардагерлер командасы жеңіп алды. Үш команда арнайы кубок пен қаржылай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, үздік көрінген спортшылар алғыс хатпен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ұзақбай Рамазанұлы өнегелі ғұмырын жеке кәсіпке, отбасына арнап отыр.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»