Жолдаудан жарқын болашақ күтеміз
Дүйсенғалиева Шалттыгүл Ахметқызы, №42 «Ақ ниет» гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі:
– Таяуда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті Жолдауын жолдады. Бұрынғы жолдаулармен салыстырғанда бұл жолы
экономикамен байланыстыра отырып, ұлттық Қауіпсіздікке ерекше мән берілді. Айтылған тұжырымдамалардың көбі әскери өнеркәсіп, сумен қамту немесе электр энергиясын өндіру сияқты көп бағыт бойынша елдің кауіпсіздігін күшейту керектігін айтып өтті.
Сонымен қатар, Ұстаздар-ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалык, жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға аса мән беру керек.
Әдемі Жарасова, Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының баспасөз хатшысы:
– Еңбек адамының мәртебесі туралы Мемлекет басшысы жиі айтып жүр. Айтып өткенімдей, жұмысшы мамандар ел экономикасын көтеретін, мемлекетті алға жылжытатын нағыз қозғаушы күш. Осы орайда бүгінгі жолдауда айтылған дүние, яғни «2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланғаны біз үшін көптен күткен жаңалық.
Өйткені Президенттің өзі ден қойған іс – баршамызға серпіліс береді және жақсы өзгерістерге алып келеді деп сенеміз.
Халықтың жағдайы жақсарып, дамыған елдермен тереземіз тең болу үшін ең алдымен экономикамыз мығым болуы керек. Сондықтан жұмысшы мамандардың сапалы әрі кәсіби жұмыс атқаруына жайлы жағдай жасау, бұл істе ел болып жұмылу – баршамызға міндет!
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
