Қарасора өсіруге арналған фитолабораторияны тапты
Өңірде жүріп жатқан «Қарасора» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Приурал Пб криминалдық полиция қызметкерлері Дариян ауылында қарасора өсіруге арналған фитолаборатория тапты.

Мұндай іске барған сол ауылдың тұрғыны екені анықталып, ұсталды. Ол өзінің тұрғылықты жерінде екі бөлмелі пәтерде осы іспен айналысқан.
Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы өсірілген 3 түп қарасораны тәркіледі. Лаборатория арнайы жабдықтармен: қарасора өсіруге арналған жарық және диод шамдары, термометр, желдеткіштер, ылғалдылықты өлшеу құралымен жабдықталған.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған үйдің ауласының гаражынан полиэтилен пакетке салынған өсімдік тектес зат алынып, тәркіленді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Жауап алу барысында ол өз үйінің жатын бөлмесінде қарапайым ағаш шкафтан фитолаборатория жасағанын айтты.
Сонымен қатар, полицейлер есірткіні заңсыз сақтаудың үш фактісін анықтады. Мәселен, Бәйтерек ауданы тұрғынының пәтерінен ақ ұнтақ зат табылып, тәркіленді.
Сондай-ақ, Теректі ауданында санкцияланған тінту жүргізу барысында екі тұрғынның мекен-жайынан ерекше иісі бар есірткі заты табылып, тәркіленді. Мәселен, 1969 ж.т. аудан тұрғынының үйінің ауласынан арнайы иісі бар 3 газет орамасын тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес ол жалпы салмағы 27,62 грамм «кептірілген марихуанна» екені белгілі болды. Тағы бір тұрғынның шаруашылыққа арналған құрылысынан жалпы салмағы 48.25 грамм «кептірілген марихуанна» есірткі заты табылып, тәркіленді.
Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында «Орал-есірткісіз қала!» бағдарламасы аясында кең көлемді жұмыстар жүргізілуде.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру