23 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған дроппер сотталды
Орал қалалық сотында дроппер болып жұмыс істеген, яғни алаяқтық жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған Е-ге қатысты үкім шықты.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған сотталушы 23 млн 122,5 мың теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған.
«Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамай, қаражаттың заңсыз шығу тегін білмеймін деп өз әрекетін ақтамақ болған. Алайда мемлекеттік айыптаушының принципті ұстанымы және ол сотқа ұсынған сотталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас дәлелдер айыптау үкімін шығаруға ықпал етті. Нәтижесінде дроппер ҚР ҚК 28-бабы 5-бөлігі және 190-бабы 3-бөлігі 1, 4-тармақтарына сәйкес айыпты деп танылып, ол 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. Үкім 28 тамыз күні заңды күшіне енді», – деп хабарлады ведомстводан.
Прокуратура мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері Орал қаласында 23 алаяқ сотталды. Бұл жүргізіліп жатқан алдын алу шараларына, ескертулерге қарамастан, алаяқтардан зардап шеккендер саны көбейіп отырғанын көрсетеді.
Осы орайда ең көп таралған алаяқтық схемаларына тұрғындар назарын аударуға болады.
Біріншісі. Алаяқтар өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының немесе басқа ұйымдардың қызметкерлеріміз деп таныстырып, түрлі сылтаулармен телефон соғып, жеке мәліметтерін, банк карталарының деректемелерін беруді немесе «қауіпсіз» шотқа ақша аударуды талап етеді.
Соңғы кездері интернет арқылы алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Бұл жалған интернет-дүкендер, фишингтік сайттар болуы мүмкін, мұнда пайдаланушыдан әртүрлі сылтаулармен банк картасының деректері немесе шоттардың құпия сөздері алынады.
Сондай-ақ алаяқтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды бұзады, содан кейін достарының немесе туыстарының атынан көрсетілген шоттарға шұғыл ақша аударуды сұрайды.
Тағы бір түрі, алаяқтар азаматтарды жоқ ұтыстар туралы хабардар етеді, бірақ оны алу үшін әртүрлі «салықтарды» немесе «алымдарды» төлеуді талап етеді.
Осы орайда БҚО прокуратурасы жеке деректерді және банк картасының мәліметтерін ешқашан бөгде адамға бермеу керектігін, банк немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері мұндай ақпаратты телефон немесе интернет арқылы сұрамайтынын еске салады.
Екіншіден, ақпарат көздерін тексеріп, ақша аударуды сұрайтын қоңырау немесе хабарлама келсе, нұсқауларды орындауға асықпау керек. Тексерілген контактілерді пайдаланып, сол мекемеге немесе адамның өзіне хабарласу қажет. Басқа да сақтық шараларын ұмытпаған ләзім.
Дереккөз: kazinform.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру