Министрлік арнайы байланыс орталығын іске қосты
Қазақстанда ҰБТ-да 100-ден жоғары балл жинаса да, грантқа түсе алмағандарға қосымша 10 мың грант бөлінеді.

Биыл бюджеттік орындарға былтырғымен салыстырғанда бақ сынағандар саны 11 мың үміткерге көп болған. Сондай-ақ грант төңірегінде дау туып, ҰБТ-дан жоғары балл алғандар су тасқынынан зардап шеккен аймақтың түлектеріне грант берілгеніне қарсы шықты.
“Төтенше жағдай аймағына жалпы гранттан бөлек грант бөлінуі керек еді. Бұл – әр баланың несібесі. Келесі жылы да үміткерлер көп болады. Сондықтан журналистика, менеджмент, ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы сияқты мамандықтарға гранттар көбірек бөлінсе екен деймін”, – деді талапкер Назерке Қалжігіт.
Көктемде табиғи апат болған аймақтардың түлектеріне мемлекеттен барлығы 5 мыңнан астам білім гранты бөлінді. Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқардың айтуынша, тиісті ведомство ықтимал салдары мен тәуекелдерді болжай алмаған.
“Жағдай екіұшты. Бір жағынан төтенше жағдайдағы аймақтардан келген балаларға көмектестік, екінші жағынан басқа балалардың құқығын таптадық. Енді олар сотқа бермек. Бұл – олардың құқығы. Мұндай соттар ұзаққа созылады. Мұның нәтижесі қандай болатыны да анық емес. Тіпті олар сотта жеңіске жетіп, министрлік оларға бұл гранттар үшін өтемақы төлеуі керек болса да, олар келесі жылдың бюджетінен түсетін шығар. Оған тиісті бөлім кінәлі. Оны неғұрлым анық және ашық ұйымдастыру қажет еді”, – деді мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек гранттардың басым бөлігін мемлекет үшін маңызды мамандықтарды таңдаған талапкерлер иеленетінін айтты.
“Биылдан бастап бізде жылу энергетикасы, су, орман шаруашылығы салаларындағы үлкен проблемаларға байланысты жылу энергетикасы, гидрогеология, ветеринария, ауыл шаруашылығы сияқты мамандықтарға қосымша гранттар бөлініп жатыр. Жоғары балл жинаған студенттердің толық тізімін ректорларымызға тапсырдық. Бұл – мықты және талантты студенттер. Қосымша 10 мыңға жуық грант бөлінеді”, – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Министрлік арнайы байланыс орталығыніске қосты. Онда қосымша білім гранттары туралы барлық қажет ақпаратты ала аласыз. 10 мың гранттың 3 мыңын еліміздің жетекші жоғары оқу орындары, 2 мыңға жуығын жұмыс берушілер мен «Қазақстан халқы» қоры, қалғанын облыс әкімдіктері бөледі.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру