8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Тамыз 2024 4727 0
Қалалықтар қаперіне

Ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды

БҚО криминалдық полиция қызметкерлері Ақсай қаласының аумағында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

БҚО Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері кәсіпорындардың бірінің қауіпсіздік қызметімен бірлесе жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақсай қаласының аумағында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан үш жас жігіттен тұратын қылмыстық топты ұстады.

Жастар Бөрлі ауданындағы мұнай-газ кәсіпорындарының біріне тиесілі мыс кабельдерді және акционерлік қоғамдардың бірінің аккумулятор батареяларын ұрлап кеткені анықталды.

Ұсталғандар Ақсай қаласының тұрғындары екені белгілі болды. Тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту шараларын жүргізу кезінде күдіктілерден ұрланған заттар жартылай тәркіленді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері қылмыскерлер ұрлаған заттарды сатып алушыны анықтады.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Ұрлық фактілері бойынша 6 эпизод негізінде қылмыстық іс қозғалды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
83 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
274 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»