Өңірдегі энергетика саласы үздіксіз қамтылуы тиіс
10 шілде күні облыс әкімі Нариман Төреғалиев «Ақжайық», Зашаған, Деркөл шағын аудандарындағы жаңадан салынып жатқан электр станциялары мен кәріз-тазалау құрылыстарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексеріп шықты.

– 2023 жылы берген тапсырмам бойынша бірқатар нысандардың жұмысын жаңарту жүруде. Атап айтсам, Зашаған шағын ауданында электр жүйелер компаниясының базасын нығайтуға тура келді. Сол себепті мемлекеттен қаржы бөлініп, аталмыш компанияға көліктерді жөндеу базасы салынуда. Сондай-ақ жаңадан 110 киловаттық подстанция 100 000 абонетті қамтитын болады.
Қала орталығында кәріздер тозған, 60 жылдай қолданылған, жөндеу болмаған. Сондықтан №2,3, 21 кәріз-тазалау құрылысы биыл аяқталып, жылдың соңында пайдалануға берілмек. №18 кәріз-тазалау құрылысы енді басталады. Содан соң 150 000 абонентке қызмет ететін болады. Жуырда электр жүйесі компаниясына 44 бірлік техника берілді. Авариялық жағдай кезінде электр жарығында қиындықтар туындауы мүмкін.
Электр жүйелерін реттеуге мемлекеттік бюджеттен 15 млд теңге қаражат, жергілікті жерден 4 млд-тан қаражат бөлінді. Алдағы уақытта аудан, ауылдардағы электр желілерін жаңартуға қаражат алу үшін сметалық-жобалық жоспары тапсырылды.
Өңірдегі электр желісінің 80 пайызы ескірген. Салынып жатқан құрылыстар өзімнің және орынбасарларымның жіті бақылауында. Сол себепті де уақытында қаржы бөлініп, құрылыс қарқынды жүруде,-деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев.
Г.АЯЗБАЕВА
(Бұл мақала туралы «Жайық үні» газетінің №29 санынан оқисыздар)
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру