Оралдың төрінде домбыра музейі ашылды
Шілденің 7-сі күні, Орал қаласында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – ұлттық рух» атты музей бөлімінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.
Жиынды өлеңмен бастаған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов:-«Қазақтың домбырасының әрбір пернесінде біздің өткен тарихымыз, қуанышымыз бен мұңымыз жатыр. Қазақ сахарасында мұндай дрмбыра музейі жоқ. Бұл жерде ашылуының өзі күй отанымыз деп есептейміз. Күй атасы Құрманғазы, күй- анасы Дина Нүрпейісова. Барлық ұлттық рухымыз өркендей берсін!-деді .
Одан әрі облыстық тарихи- өлкетану қорына қобызшы-Ықылас Дүкенұлының қобызының көшірмесін алып келген, Дина Нүрпейісова атындағы Қазақ халық аспаптары академиясының оркестрінің солист-қобызшысы, Өнертану кандидаты, Ықылас атаның ұрпағы Ақнар Тәттібайқызы күмбірлете күй орындап, ресми түрде қобызды табыстады.
Бұдан соң домбыра музейінің лентасын өлкетанушы Жайсаң Ақбай мен облыс басшысының орынбасары Бақытжан Нарымбетов қиды. Шараға қатысқандар музейді тамашалап, көптеген көне жәдігерлермен танысты.
Гүлжан АЯЗБАЕВА.
Бұл мақала туралы«Жайық үні» газетінің №28 санынан толықтай оқисыздар.
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру