8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Шілде 2024 3906 0
Бәрекелді!

«ТОЛАҒАЙ» АЛЫПТАР САЙЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Орал қаласында «Nur-er» туристік ат спорт кешенінде «Толағай» алыптар сайысынан облыс чемпионаты өтті.


Ұлы Даланың батырларын насихаттауда, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өткізілген турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай Орал қаласы мен өңір аудандарынан жиылған 15 алып қатысты.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа келген жігіттер 100 келіден асатын ауыр бөренені желкеге салып отырып-тұру, 100 келі қапты 1 минут ішінде екі қолмен иыққа салу, 100 келілік тасты межелі қашықтыққа дейін апару, жарты тонналық арбаны сүйреу, он келілік найзаны қашықтыққа лақтыру секілді бес сайыс түрінен сынға түсті.

Ірісі 140 уағы 86 келі тартатын жігіттер барлық сыннан мүдірмей өтуге тырысты. Әсіресе центнер тартатын қапты иыққа салу жарысы қиынға соқты. Жалпы жарыстағы қай-қай сын да жігіттерге оңай соқпады.

Көпшілікке қара күш пен ерік-жігердің нағыз үлгісін көрсеткен сайыс қорытындысы бойынша «Облыс Толағайы» атағын облыстық Полиция департаментінің қызметкері полиция майоры Сомов Александр Николаевич жеңіп алды.

Жеңімпаз атанған спортшы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын болады.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»