Парламент депутаттары демалысқа кетті
28 мамырда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған парламенттің екінші сессиясы ресми түрде жабылды. Депутаттар 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул жариялап, арнайы қаулы қабылдады.
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сегізінші сайланған Қазақстан парламентінің екінші сессиясының жұмысын аяқтағалы жатқанын мәлімдеді.
“Дәстүр бойынша атқарылған жұмысты қорытындылаймыз, келешекке жоспар құрамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформалары парламент жұмысына жаңа бағыт-бағдар берді. Көппартиялы парламент заң шығарушы органның қызметіне тың серпін әкелді. Қоғамның түрлі идеологиялық көзқарастағы әралуан өкілдерінің келуі қабылданатын заңдардың сапасын арттыра түсті. Мұның бәрі – Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңге айналды”, – деді Ерлан Қошанов.
Ерлан Қошановтың сөзінше, өткен сессия “Күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет” формуласының тиімдігін іс жүзінде дәлелдеді.
“Билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін бұл жүйе пәрменді шешімдер қабылдауға мүмкіндік туғызды. Осының бәрі елімізді одан әрі дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған”, – деді мәжіліс төрағасы.
Президент жариялаған “заң мен тәртіп үстемдігі қағидаты” өткен заң шығару маусымында басты бағдар болды, қоғамның сапалы заңдар қабылдауға деген сұранысын арттыра түсті дейді Ерлан Қошанов.
“Парламент еліміздегі ең өзекті проблемалар бойынша заңнамалық шешімдер шығару және оларды ашық талқылау алаңына айналды. Түйткілді мәселелерді заңдар арқылы шешу негізгі тетік ретінде қалыптасып келеді. Нормативтік құжаттардың мәртебесі мен салмағы артып отыр. Мұның бәрі — пәрменді әрі ықпалды парламент қалыптастыру бағытындағы конституциялық реформаның мән-маңызын айшықтады», – деді мәжіліс төрағасы.
Ерлан Қошанов бұл сессияда парламенттік жұмыс кезеңі толық әрі табысты атқарылғанын айтты.
“Мемлекет басшысының жылдағы Жолдауларын, президенттік сайлауалды бағдарламасын, ұлттық құрылтайда қабылданған шешімдерді іске асыру депутаттық корпус қызметінің негізгі өзегіне айналды. Осыған байланысты екінші сессияның заңнамалық күнтәртібі де мазмұнды болды. Палаталардың 5 бірлескен отырысы, мәжілістің 39 отырысы және сенаттың 43 отырысы өтті. Сессия барысында екі палатаның қарауында 179 заң жобасы болды, оның 120-сі қабылданды. Сессия барысында депутаттар бірқатар маңызды заң жобалары бойынша үкіметпен бірлесе жұмыс істеді”, – деп түйіндеді Ерлан Қошанов.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру