8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Маусым 2024 3038 0
Білім

219 бала тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74% — қазақ тілінде, 26% — орыс тілінде, 115 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.


ҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол — 68 балл.

Ең жоғары балл — 138.

266 адам 130 балдан жоғары көрсеткіш көрсетті.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға төрт аптаның ішінде 510 талапкер қатысты.

Бүгінгі таңда 315 ереже бұзу фактісі анықталды.

Оның ішінде 219 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.

Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды.

Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбасына талдау жүргізіледі.

Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»