8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Маусым 2024 3138 0
Қалалықтар қаперіне

Саяжай тұрғындарына пәтер берілді

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын.


Орал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған тағы 6 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаң
а пәтерлер демеушілер қаржысына сатып алынды.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беруде.

Оралдық Қайрат Шакировтың саяжайдағы жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған.  Бүгін ол жаңа пәтеріне кірді.

«Су тасқынынан кейін эвакуациялық пунктте тұрдық. Тезірек баспаналы болғымыз келді. Бүгін арманымызға қол жеткізіп отырмыз. Мемлекет басшысына алғысымызды білдіреміз»-деді ол.

Осылайша Орал қаласында жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп танылған саяжай тұрғындарына алдағы уақытта жаңа үйлер сатып алу және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

                БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»