8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қаңтар 2019 6703 0
Қоғам

ДОҢЫЗ ЖЫЛЫ СІЗДІ НЕ КҮТІП ТҰР? (Туған жылыңыз бойынша 2019 жылдың жұлдыз жорамалы)

    

Тышқан

 (1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008)

Тышқан жылы туғандар 2019 жылдың иесімен бірден-ақ тіл табысып кетеді. Бұл кезең Тышқандар үшін трамплин секілді болмақ. Олардың көлеңкеден шығып, өздерін ашып көрсететін уақыты келді. Бұл – бұрыннан қол жеткізе алмай жүрген арман-мақсаттарыңызды жүзеге асыруға таптырмас жыл. Алайда, алаңғасарлыққа жол бермей, өз жоспарыңызды мұқият ойластырыңыз. Бұл жылы дүниеге келгендердің көбісі білектің күшімен емес, ақылмен жасайтын жұмыстардан көбірек табыс табады. Жылдың орта тұсында кей Тышқандар өздерінің ұйымдастырушылық қабілетін бар қырынан ашып көрсетеді.

Отбасы мен махаббат

Тышқандар сүйікті адамдардың жанында болады. Жақындарыңыздың пікіріне құлақ салып, олардың шешіміне түсіністікпен қараңыз. Олар сіздің сеніміңізді міндетті түрде ақтайтын болады. Жұбайыңыздан жыл соңында керемет сыйлық күтіңіз. Ал ажырасуды ойлап жүргендер жеті рет өлшеп, бір кескендері дұрыс. Эмоцияға беріліп асығыс қабылдаған шешімнің зардабы көп. Жалғызбасты Тышқандарды жыл басында немесе күз мезгілінде жаңа таныстықтар күтіп тұр. Өз интуицияңызға сеніп, өмірлік серігіңізді қорықпай таңдай беріңіз.

Денсаулық

Тышқандардың 2019 жылы денсаулығында айтарықтай кінәрат болмайды дейді жұлдыздар. Тек жүйке жүйеге салмақ салатын жайттардан, жұмыстардан аулақ жүру жеткілікті. Жаз уақытында экзотикалық асхана мен алкогольді сусындардан абай болыңыз.

Мансап пен қаржы

Қаржылық тұрғыдан Тышқандар Доңыз жылында аса қинала қоймайды. Тек жыл басында аздап  таршылық көруі мүмкін. Тек байбалам салып, қарызға батып кетпесеңіз, бұл қиындықтан жылдам құтыла аласыз. Таршылық көрсеңіз, туыстарыңыздан не жақындарыңыздан қарыз ала тұрыңыз. Ал жұмыста бар жауапкершілікті өзіңізге алып, бас-көзсіз шапқылай бермеңіз. Тек көңіліңіз қалаған шаруалардмен айналысқаныңыз жөн. Әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынастың пайдасы тиеді.

 

Сиыр

(1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009)

Жыл иесі Доңыз Сиырларды аса ұната бермейтіні бар. Соған қарамастан Сиырлар бойындағы тамаша қасиеттері табандылық пен еңбексүйгіштікті көрсетсе болғаны. 2019 жыл бизнесте үлкен табысқа, жұмыста зор жетістікке жеткізеді. Сиырлар өз эмоцияларын іште қалдырып үйренгендері жақсы, себебі, Доңыз жылында соның кесірінен көптеген кедергілерге ұшырауыңыз мүмкін. Сол секілді отбасы жағдайында да кикілжіңдер болуы ғажап емес. Сабырлық кез келген проблемадан шығудың тиімді жолы. 2019 жылы Сиырларға табандылық пен жауапкершілік өте-мөте қажет болады. Шығармашылық қырыңыз ісіңіздің алға өрлеуіне көмектеседі. Доңыз жылы – жұмыс ауыстырудың, материалдық ахуалыңызды көтерудің ең оңтайлы уақыты. Жалпы, Сиырлар бір шешім шығару үшін мың толғанады, алайда нақты мақсат қойсаңыз, тау қопаруға қайратыңыз жетеді.

Отбасы мен махаббат

Отбасылы Сиырларды тағы бір «бал айы» күтіп тұр. Сол секілді бала күтіп жүргендердің арманы орындалмақ. Ал бойдақ жандар өз теңін табуға жақсы мүмкіндік бар. Тек үйде отыра бермей, жиі қыдырып тұрыңыз. Жыл бақытты сәттерге толы болмақ. Тағы бір ескере кететін жайт, үйдегі шиеленіскен мәселелерді ашумен емес, ақылмен шешіңіз. Себебі, жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасыңыз суып кетуі мүмкін. Сол сияқты сүйіктіңіздің көзіне шөп салмаңыз. Себебі, соңында ол сіздің өміріңіздің күл талқанын шығаруы мүмкін.

Денсаулық

Сиырлардың денсаулығы жақсы болғанына қарамастан, 2019 жылы проблемалар болуы мүмкін. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Басты проблема – жүйке жүйесі арқылы келеді. Болар-болмас жайттың бәріне күйіп-пісудің қажеті шамалы.

Мансап пен қаражат

Нақты қойылған мақсаттар биікке шығарады. «Міндеттелген» жұмыстар мен «осылай істелуі керек» деген тапсырмалардан жақсылық күтпеңіз. Көп жұмысты атқаруға өзіңіздің қабілетіңіз де жетіп жатыр. Көп Сиырларды іссапарлар мен үйден тыс жатқан жобалар күтіп тұр. Алғашқы жарты жылдықта қаржылық жағынан тұрақсыздық болады. Абыржымаңыз, шілде айнына бастап, бәрі реттеледі.

 

Барыс

(1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010)

Жыл иесі Доңыз еңбексүйгіш Барысқа құшағын ашпақ. Осы қасиетіңіз арқылы қолдаушылар да жеткілікті болады. Бұл жылы сіздерге өткір ақыл, аңғарымпаздық сияқты қабілеттер қажет. Сонымен қатар, Доңыздың жылында айналаңыздағылар сіздің ақылыңызға көп жүгініп, жол сұрамақ. Ешкімнің көңілін қалдырмай, қолыңыздан келгенше, кеңес беріп отырыңыз. 2019 жыл саяхаттауға, қала ауыстыруға жақсы мүмкіндіктер ашады.

Отбасы мен махаббат

Жалғызбасты Барыстар көре алса, «бақыттары» қасында жүр. Оларға тек аса жоғары талаптарын төмендеткендері дұрыс. Сол секілді, кітапхана, театр, көрме секілді орындарға жиі барғаны жақсы. Сіздің жүрегіңіздің иесі сонда жүрген де болар. Ал 35 жастан асқан отбасылы Барыстарда ешқандай проблемалар жоқ. Олардың үйінде бақыт құсы жыл бойы қонақтайды. Ал 35-ке дейінгі Барыстар өздерінің эмоцияларын басқара алмауының кесірінен сүйіктілерін жиі ренжітіп ала беруі мүмкін. Өз-өзіңізді ұстап, бақыттың бетін қайтара бермеңіз!

Денсаулық

Белсенді өмір салтын ұстанушы жандардың денсаулығында кінә болмайды. Ал жалпы Барыстардың басты проблема – тыныс алу жолдары. Онымен қоса, репродуктивті жүйеге де көңіл бөлген дұрыс. Қажет болған жағдайда, кейінге шегермей дәрігерге қаралып жүріңіз.

Мансап пен қаражат

Барыс жылында туғандар өзіне қызық емес жұмысқа сирек келісіп жатады. Олар жаны сүйетін немесе басшылық қызметке әуес. Сондай-ақ, Барыстарда қаржылық тапшылық болмайды деуге болады. Артық проблемаларға жолықпас үшін құмар ойындар мен күдік тудыратын жобалардан аулақ болыңыз. Өзіңіздің аңғалдығыңызды біле тұра, елдің бәріне сене бермеңіз. Сенгіштігіңіздің кесірінен алаяқтарға тап болуыңыз әбден мүмкін.

 

Қоян

(1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011)

2019 жыл Қояндарға толы позитив сыйлайды. Алайда, көздеген мақсатыңызға жету үшін барынша еңбектенуіңіз керек. Оның жемісін жыл соңында көретін боласыз. Кейбір Қояндар өз кәсібін ауыстырса, бірі қаланы, бірі имиджін өзгертеді. Өз ақылыңызға ғана арқа сүйеп, тани қоймаған адамаңызбен байланыс орнатудан аулақ болыңыз. Бастысы таусылмас күш пен қажырлы қайрат қана сіздің екі қанатыңыз болып, алға жетелейді.

Отбасы мен махаббат

Жыл иесі Қояндарға жаңа кездесулер мен тосын сыйлар дайындап отыр. 2019 жыл отбасы құруға ыңғайлы жыл. Ал отбасылы Қояндардың бірі бақыттың бесігінде тербелсе, кейбірі нағыз «бұрқасын» өмірге тап болады. Жанұядағы тыныштықты орнату әркімнің өз қолында. Қайталана беретін күнделікті өмірді қызықты кештерге толтырыңыз. Жұмыстағы қатаң талап пен іссапарлар отбасы шырқын бұзуы мүмкін.

Денсаулық

Қояндар үшін бұл жылғы басты проблема ас қорыту жүйесі болуы мүмкін. Сол үшін фас-фуд пен тез әзірленетін тағамдардан аулақ болыңыз. Артық тамақтанудан да қорлық көруіңіз ғажап емес. Денсаулығыңызды бір қалыпты ұстау үшін өз уақытында демалып, ұйқы тыныштығына мән бергеніңіз жөн.

Мансап пен қаражат

Қояндар үшін Доңыз жылы әртүрлі жағдаяттардың арасынан баланс іздеуді талап етеді. Жұмысқа басыңызбен кіріп кетпей, отбасыға көңіл бөліп отыру керек. Айналаңызда сенімді адамдар болса, қызметте жетістіктер күтіп тұр. Басшылық еңбекқор Қояндарды бағалайды. Жұмыс іздеп жүргендерге жақсы қызметке орналасу мүмкіндігі бар. Өз сәтіңізді жіберіп алмаңыз!

 

Ұлу (айдаһар)

(1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012)

Ұлуларға айналасында болып жатқан оқиғалар қатты әсер етеді. Сондықтан байсалды болып, эмоцияңызға берік қарап, оптимизммен достасып алыңыз. Көптеген Ұлулар бұл жылы жаңа қызметке ие болып, қаржылық мәселелерін реттеп, ескі арманын жүзеге асырады. Қай салада болмасын өзіңіздің потенциалыңызды көрсетсеңіз, абырой-атақ пен жақсы жалақы күтіп тұр. Жұлдыздар Ұлуларға айналасындағы «қажет емес» достардан арылуға кеңес береді. Олардан дер кезінде құтылмасаңыз, сіздің кемеңізді суға жіберіп, ісіңіздің алға өрлеуіне кедергі болады.

Отбасы мен махаббат

Бойдақ Ұлуларда жаңа таныстықтар міндетті түрде болады. Сол үшін қазірден бастап, сыртқы имиджіңізге назар аудара беріңіз. Отбасылы жандарға Доңыз жылы сезім толы тостаған ұсынды. Тек уысыңыздан шығарып алмаңыз! Кей ұлулар эгоизмге толы өздерінің ерсі іс-әрекетімен отбасы тыныштығын бұзуы мүмкін. Әсіресе, жылдың екінші бөлігінде абай болыңыз.

Денсаулық

Күнделікті жұмыстан жүйкеге түсетін салмақ шаршатуы мүмкін. Егер ұйқысыздыққа тап болсаңыз, күйзелістің алғашқы белгісі осы. Дер кезінде демалыс алыңыз! Оның арты ас қорытудағы мәселелерге алып баруы мүмкін. Бұл жылы Ұлулар майлы, қуырылған тамақтардан бас тартып, көкөніс пен жеміс-жидекке ден қойса, артық проблемалар болмайды.

Мансап пен қаражат

Бұл жылды нақты жоспарлармен бастаған дұрыс. Сіздің интуиция, ауқымды ойлау, шешім шығару алдындағы батылдық секілді қырларыңыз ашылуы мүмкін. Алға ұмтылушылығыңыз бен еңбексүйгіштігіңіз қаржылық жағдайды тұрақты етеді. Көп табыс жаңа заттарды алуға деген қызығушылығыңызды тым оятып жіберу мүмкін. Үнемдеуді үйреніп, инвестициялық жобаларға иек артуыңыз керек. Құмар ойындардан сақтаныңыз. 2019 жылы жіберген кішкентай кемшілігіңіз сізді үлкен қаржылық қиындықтың аузында қалдырады.

 

Жылан

(1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013)

Жыл иесі Доңыз Жыландарды аса ұнатпағанымен, осы жылы сіздің әрекеттеріңізді сүйіспеншілікпен бақылайтын болады. Оған сіздің сырлы образыңыз, сұлулығыңыз, мақсатка беріктігіңіз бен жалғыздыққа құмарлығыңыз ұнайтын болады. Өмірді өзгертуге көптеген мүмкіндіктер беріледі, бірақ оны пайдалану өз қолыңызда! Жұлдыздар мансабыңыздан бөлек, сыртқы келбетіңізге де көңіл бөлуге кеңес береді. 2019 жылы ақылға жүгінген жұмыстарда сіздің фантастикалық идеяларыңызды іске асыруға көмегі болады. Көбі ғылым, бизнес пен саясатта жоғары жетістікке жетеді. Бұл жыл болашақты жоспарлаудың тиімді жолдарын ұсынады.

Отбасы мен махаббат

Жыландардың көбі отбасыдан бөлек, мансапқа көп көңіл бөледі. Сол себепті, отбасы мен жұмыс арасындағы тепе-теңдікті дұрыс сақтауға шақырамыз. Жалғызбасты жыландар өз өмірлік серігін табам десе, лезде. Ол үшін достар мен таныстарыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Мықты дамыған интуицияңыз сізге қажет адамды дәл тауып береді. Отбасылы жандар үшін 2019 жылдың басты проблемасы қызғаныш болуы мүмкін. Сол сияқты бала тәрбиесінде де қиындықтар кездеседі.

Денсаулық

Жыландардың жұмысбастылығы күйзеліске түсіруі мүмкін. Ситуацияны қолда ұстамаса жүрек пен жүйке жүйесіне ауыртпалық түседі. Сіздер өз эмоцияларыңызды берік ұстауға үйренгенсіздер, соның кесірінен психологиялық шиеленіске тап болуларыңыз ғажап емес. Уақтылы дем алып, саяхаттап, салауатты өмір салтына көбірек көңіл бөліңіз.

Мансап пен қаражат

2019 жылы қаржы, ғылым, ІТ-технологияда қызмет ететіндердің жұлдызы жанады. Сол сияқты жерге, ауыл шаруашылығына қатысты кәсіп табысты болмақ. Ал қаржылық тұрақтылығыңыз бұл күнге дейінгі табысыңызға тікелей байланысты. Жарты жылдықта табыстың көлемі ұлғаймағанмен, жаз мезгілінен бастап, қалтаңыз қалыңдай түспек.

 

Жылқы

 (1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002, 2014)

2019 жылы жұмысқа қабілеттілік, белсенділік, алға ұмтылушылық пен жауапкершілік Жылқыларға аса қажет болады. Уақытыңызды босқа өткізбей, пайдалы істерге жұмсасаңыз жыл соңында жақсы жетістік  күтіп тұр. Бұл жылы жаныңызды ауыртатын шешімдер шығаруға тура келетін сәттер болады. Екінші жарты жылдықта өміріңізді түбегейлі өзгертетін, жоспарыңызда болмаған жағдаяттар тууы ықтимал. Доңыз жылында басты ұраныңыз «биыл не ексем, келесі жылы соны орамын» болсын!

Отбасы мен махаббат

Жылқы жылынды туғандарды жақын адамдарының үлкен махаббаты күтіп тұр. Доңыз жартысын іздеген жандарға «сыйлық» дайындап отыр. Егер қарым-қатынасыңызда шиеленіс болып, кетудің ыңғайын таппай жүрсеңіз, ойланбаңыз. Бұл жағдайды жеңіл өткізетіңізге уәде береміз (мұндай қадамды он ойланып барып жасаңыз). Тек жұмысқа берілген Жылқылардың ғана отбасында ұрыстың ұшы шығуы мүмкін. Сол үшін жақын жандарыңызға көбірек уақыт бөліп отырыңыз.

Денсаулық

Көп Жылқылардың тез ренжігіштігі жүрекке салмақ салады. Жұмысбастылықтан аулақ болып, өзіңіздің жаныңыз сүйетін саяхатқа, табиғатқа шығып тұрыңыз. Сізге табиғат энергиямен жақсы қамтамасыз еткен. Өз энергияңызды дұрыс пайдаланып, салауатты өмір салтын сақтаныңыз.

Мансап пен қаражат

Жылқылардың бұл жылы жұмысы жетерлік болады. Оның өтемақысы да жақсы екеніне күмән жоқ. 2019 жыл сіздің есіңізде өте сәтті уақыттың белгісі ретінде қалады. Көп Жылқыларды қызметте өсу күтіп тұр. Басқа да жүктелген жұмыстардан қашпаңыз. Кәсіпкерлікті көздеп жүргендерге – жасыл түс. Еш қорықпай өз қабілетіңізді бизнесте сынаңыз. Еңбегіңізге қарай, жеңісіңіз көп болады.

 

Қой

(1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015)

2019 жыл жақсы жаңалықтар әкелмек. Бірақ, ол үшін барынша күш-жігеріңізді жұмсауыңыз керек. Жауапкершілікті бойыңызға дарыта білсеңіз, жұмыста да, жеке өміріңізде де ісіңіз алға өрлейді. Жинақы бола алмауыңыздың зардабын көріп те жүрген боларсыз. Сонымен қатар, бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіп үйреніңіз. Доңыз еңбекқор жандарды ұнататынын естен шығармаңыз.

Отбасы мен махаббат

Қойлардың айналасында көз салып жүрген адамдар көп. Ол жалғызбастылар үшін таңдауда қиындық туғызса, отбасылы жандардың қарым-қатынасына кері әсер етеді. Қызғанышқа жол бермеңіз. Өмірлік серігіңізбен бірге жасалған қадам жанұялық іргеңіздің бекуіне ықпал етпек. Бойдақ жандар таңдауда көп бас ауыртып, нақты шешім шығара алмай қамығуы мүмкін. Жүрегіңізді тыңдаңыз. Асықпаңыз. Шалыс қадам шырқыңызды бұзады.

Денсаулық

Белсенді өмір салтын ұстанған Қойлардың денсаулығы мықты болады. Тек жүйкеңізді сақтаңыз. Күйгелектік жүрек-қан тамыр ауруларының белең алуына итермелейді. Уақыт тапшылығына қарамай, достарыңызбен жиі кездесіп, театрға барып, саяхаттап тұрыңыз. Жақын жандарыңызбен әңгімелесу сіздің ішкі жан дүниеңізге жылулық сыйлайды.

Мансап пен қаражат

2019 жылы Қойлар қаржылық тапшылық көрмейді. Аспа-төк байлыққа кенелмесе де, үнемдеп жүрудің қажеті болмайды. Ол үшін әрине қажырлы жұмыс істей білу керек. Кез келген сәтсіздіктен тоқтап қалатындардың күні қараң. Бастаған ісіңізді міндетті түрде соңына дейін жеткізіңіз. Табыс сіздің табандылығыңызда жатыр. Айналаңыздағыларға аса сақтықпен қараңыз. Сіздің еңбегіңіздің арқасында пайда көргісі келетіндер шығуы мүмкін.

 

Мешін

 (1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016)

Жыл иесі көңілді әрі алғыр Мешіндерді жаны сүйеді. Сондай-ақ, оған сотқар, айналасындағыларын әрқашан күлдіріп жүретіндіктері ұнайды. Бұл жыл бір орында отыра алмайтын Мешіндерді көп саяхатқа алып шығады. 2019 жылы шығармашылық пен махаббат тұрғысынан сәтті болмақ. Әртүрлі оқиғалардың ағылып келуі сіздерден сақтықты талап етпек. Егер ойлағаныңыз болмай жатса, салыңыз суға кетпесін. Өзіңізге аз-кем уақыт беріп, екінші рет қайталап көріңіз. Күйгелек мінезіңізді өзгертуге тура келеді. 2019 жыл шығармашылық жандарды өрге сүйрейді.

Отбасы мен махаббат

Жалғызбасты Мешіндердің өз жұбын табуға арналған жыл болғалы тұр. Сіздің назды қылығыңыз бен әңгімешілдігіңіз махаббат әлемінде өз көмегін тигізеді. Алайда, ондай жанды ойын-сауық орындарынан іздемеу керек. Жұлдыздар Мешіндерге бұл жылы ондай орындардан біршама аулақ жүруге кеңес береді. Отбасылы жандар күнделікті күйбең тірліктен арылып, саяхаттауға көңіл бөлгендері жақсы. Әйтпесе, өмір қызықсыз көрініп, отбасылық кикілжіңдер тууы ғажап емес.

Денсаулық

Барлық істі өзіне алу қасиеті Мешіндерді күйзеліске түсіруі мүмкін. Онымен қоса, қан қысымы мен ұйқы мәселесі туындайды. Бұл мәселелерден спорт, йога, табиғат аясында серуендеу құтқармақ. Жұлдыздар Мешіндерді сүйек пен былшықет жүйесіне сақ болуға шақырады. Омыртқа жотасы мен буындар да әбігерге салып жатса, дәрігерге уақыт өткізбей жазылып қойыңыз.

Мансап пен қаражат

2019 жылы белсенділік пен ынта сізді биікке шығарады. Көптеген Мешіндерді Доңыз жылында табысқа кенелтетін жаңа жұмыс орны күтіп тұр. Жаңа қызметке бірден кірігіп, әріптестеріңізбен тез тіл табысатыныңызға ешкім күмән келтірмейді. Кірістің көп болуы қаржыны оңды-солды жұмсауға итермелеуі мүмкін. Қаржылық жоспар құрып, шығындарыңызға аса мән бергеніңіз дұрыс.

 

Тауық

 (1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017)

2019 жыл Тауықтарды тамаша жетістіктер мен мол табысқа жеткізеді. Әйткенмен, оған жету жолы маңдай терді талап етуі мүмкін. Байсалды болыңыз. Жыл басы аса қиын соғады. Жүктелген міндеттің көптігінен мезі боласыз. Одан қорқудың қажеті жоқ. Көктем бастала сала, өз өміріңізді реттеп, қалаған жұмысыңызбен айналысуға мүмкіндік туып тұр. Капитал салымын көп талап ететін жобаларға жүгірмеуге тырысыңыз.

Отбасы мен махаббат

Доңыз жылы отбасы бақытын сақтау үшін қызғаныш пен орынсыз талаптарыңыздан аулақ болыңыз. Жақын жандарыңызға ашық  әрі шынайы болыңыз. Бұл серігіңізге моральдық қолдау береді. Сол секілді жұлдыздар 2019 жылы шаңырақ көтерген Тауықтардың некесі берік болатынына уәде береді. Ол үшін болашақ жарыңызды сыртқы келбеті мен байлығына қызықпау керек. Иә, Тауықтардың жоғары талабы оларды жалғыздыққа жегіп қойған. Талабыңызды жұмсартыңыз.

Денсаулық

2019 жылы Тауық жылы туғандар ас қорыту жүйесіне назар аударғандары жөн. Дұрыс тамақтанып, майлы тағамдар мен алкогольды сусындардан бас тартыңыз. Міндетті түрде белсенді өмір салтына көшіңіз. Жұмыстың көптігі шаршатып, қысымыңызға кері әсер етіп жатса, дер кезінде достарыңызбен балық аулауға шығып, боулинг ойнап, уақытыңызды пайдалы өткізіңіз.

Мансап пен қаражат

Қызметте өзін көрсете алған Тауықтарды жақсы табыс күтіп тұр. Тек өзіңіздің еңбекқорлығыңызды бар қырынан ашып көрсету керек. Жұмысыңыз кіріс әкелмей жатса, басқа кәсіппен айналысып көріңіз. Үмітіңіз міндетті түрде ақталмақ.

 

Ит

(1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018)

Өткен Ит жылында басталған ісіңізді Доңыз жылында ешқандай проблемасыз жалғастыра бересіз. Шығыс жұлдыз жорамалы 2019 жыл жақсы жаңалыққа толы болады дейді. Тұрақтылыққа үйренген Иттер өмір сүру ырғағын аздап өзгертулеріне тура келеді. Жұмыста не отбасыда кикілжіңдер туындап жатса, ақылыңыз бен шыдамдылығыңызға сенім артыңыз.

Отбасы мен махаббат

Ит жылында туғандар отбасыға берік жандар. Осы беріктігі міндетті түрде жақсылықпен қайтады. Егер жанұяда біреуі Ит жылында дүниеге келген болса, перзент күтсін. Қытай жұлдызшылары Доңыз жылында туған бала интеллекті жоғары, жігерлі, интуициясы дамыған болады дейді. Ал жалғызбастылар саяхатта өз серігін кездестіреді деген болжам жасайды.

Денсаулық

2019 жылы Ит жылында туғандардың бауыры сыр беруі мүмкін. Сол үшін майлы тағамдар мен фастфудтардан аулақ болыңыз. Жүктелген жұмыстардың көптігі ұйқысыздық пен асқынған шаршауға жеткізеді. Оның барлығы жүйкеңізге салмақ салады. Дер кезінде демалысқа шығыңыз. Жай ғана көшеде серуендеудің пайдасы көп болады. Уақытыңыз болып жатса, спортзалға жазылып, йогамен шұғылданыңыз.

Мансап пен қаражат

2019 жылы сіздің қалтаңыз қалыңдайтын жыл. Тек жұмыстағы белсенділігіңіз төмендемесін. Бұрыннан армандап жүрген көлік пен баспаналы боласыз. Жұмыс ауыстыруды көздеп жүргендерге жаңа жол ашылады. Жұлдыздар қызметіңізде жаңа жетістіктер күтіп тұр дейді.

 

Доңыз

(1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007)

Доңыз жылы туғандардың айы оңынан тумақ. Оған таң қалудың еш қажеті жоқ, Себебі Бұл жыл сіздікі емес пе? Өз қалауыңызды кейінге шегермей, бүгіннен бастап жүзеге асырыңыз. Сіздің сарқылмайтын оптимизміңіз, жеңіл әзілдеріңіз бен еңсеңіздің ешқашан түспейтіндігі бұл жылы көп кедергілерге төтеп беруге жәрдемдеспек.

Отбасы мен махаббат

Доңыз отбасындағы тұрақтылықты жоғары қояды. Жақын жандарыңызға көңіл бөліп, сезім беріктігін сақтай түсіңіз. Сонымен қатар, үй айналасын жасыл белбеуге айналдыруға ықыласыңыз ауады. Бала сүйе алмай жүргендер армандарына жетпек. Ал бойдақ жандар жанына қажет адамды іздеуге аса жауапкершілікпен қарасын. Иммиджін өзгертіп, спортзалға жазылудың пайдасы тимек.

Денсаулық

Доңыз жылында туғандардың көбі ұзақ жасаушылардың қатарына кіреді. Алайда, олардың біршамасы уақытын бос өткізуге бейімдеу келеді. Қимыл-тірек аппаратында проблемалар туындамау үшін белсенді өмір салтын сақтаңыз. Дене шынықтыруға көңіл бөліңіз.

Мансап пен қаражат

2019 – сіздің жылыңыз. Күш сала білсеңіз, әріптестеріңіз бен достарыңыздың арасында абыройыңыз артып, қызметте өсу баспалдақтары күтіп тұр. Сіздің болашағыңыз осы жылы жасалған жұмыстарға тікелей байланысты. Хоббиіңіз жақсы кіріспен қамтамасыз етуі ықтимал. Ақшаны қалай оңай тапсаңыз, жұмсалуы да солай болады. Сол себепті, қаржылық мәселеге ерекше көңіл аударыңыз. Қарыз бен несиеге жоламауға тырысыңыз.

Дереккөз: El.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
83 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
298 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
786 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1162 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1087 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1523 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2138 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2305 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2312 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2362 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2365 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2004 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2847 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2899 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2897 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3505 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3475 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3464 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3443 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3603 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3650 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»