Тұрғындардың «төзімін тауысты»!
Орал қаласы аумағын зянкестерден улау жұмыстары үш кезеңмен қыркүйек айына дейін жалғасатын көрнеді. Судың аса көп келуіне орай қалада уақ шыбын-шіркейге қатысты шағым өте көп.

Өңірде маса мен шыбын-шіркей улауға 105 млн теңге бөлініп, зиянкестердің дернәсілдері шоғырланған саяжайларды улау басталды. Мамандардәрілердің шыбын-шіркейден басқа адамға, судағы тіршілікке, қоршаған ортаға зияны жоқ дейді. Масалар мен шіркейлердің жаппай көбеюіне жол бермеу үшін дезинсекциялық жұмыстың 3 кезеңі жүргізіледі. Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Қанат Өмірәлиевтің айтуынша, бүгінгі күні мердігермен 4000 гектарға жуық аумақ өңделіпті.
– Басқармамен өткен жылдардағыдай жоспар бойынша 2024-2025 жылдары Орал қаласы мен аумаққа профилактикалық дезинсекция жұмыстарын жүргізуүшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесінде «Танкеев Б.А.» ЖК жеңімпаз атанды. 187 040,0 мың теңгеге 2 жылдық келісім шарт жасалды. Биыл облыстық бюджеттен 105 395,0 мың теңге бөлінді.
Баршаға мәлім, қала аумағындағы өзендер деңгейінің өте жоғары деңгейге көтерілуінен көлшіктер мен су айдындарының саны өте көп. Сондықтан өңдеуге жататын аумақтардың ауданын бірнеше есеге ұлғайтты. Осы орайда, төтенше жағдайға сәйкес, «Магтоксин» ЖШС мекемесін тарта отырып, өңдеу жұмыстары басталып кетті. Бүгінгі күні «Магтоксин» ЖШС-мен 1400 га аумақ өңдеуден өтті,- деді аталмыш басқарма басшысының орынбасары Қанат Амангелдіұлы.
Жағалаумен қоса, тынымбақ, қоғамдық орындар да дезинсекцияланып, тұрғындардың өтініштері ескерілмек. Алайда, көше бойы бет-аузын тырнаған жұрт, сәбилерін серуендеуге шығара алмай, жазды күні үйде қамалған ата-ана шыбын-шіркейден қайтіп құтыларын білмей дал… Қаланы қаптаған шыбын-шіркей халықтың төзімін тауысып барады!
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру