8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Мамыр 2024 3058 0
Қалалықтар қаперіне

Су басқан үйді бағамдады

Мамырдың 20-сы күні қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев, ЖКХ өкілі Жанболат Қайыржан журналистермен бірге барып, техникалық бақылау жүргізушілердің жұмысына куә болды.


Алдымен Самал шағын ауданындағы Бирюса, 23 көшесіндегі Виктор Киверов пен Роман Кондратскийдің үйлеріне зерттеу және бағалау жұмыстарын жүргізген бақылаушылармен кездестік.

Сарапшы Едірес Мейрамбектің айтуынша, В.Киверовтың үйі тұруға жарамды, тек едені, түсқағазы, есіктері судан зардап шеккен. Біз қорытынды жасап, мүліктің тізімін бағалаушыға тапсырамыз. Олар бағасын қойып, жөндеуге қажетті қаражат көлемін шығарады.

Екінші үйді бақылаған Тоқтамыс Хамзиннің айтуынша, Роман Кондратскийдің баспанасы тұруға жарамды. Үйінің есіктері, едені зардап шеккен. Үйінің фундаменті мықты. Сондықтан жөндеуге керекті ақшаны бағалаушылар есептеп шығарады,-деп түсіндірді.

Қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев:-Шаған, Деркөл өзенінің жайылып кетуіне орай көптеген үйге тексеріс жүру қиынға соғуда. Бүгінде 2000-нан аса үйге техникалық тексеріс жүрді. Бұл жұмыс жалғаса береді,-деді.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»