Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
Кеше «AQJAIYQ» телеарнасы Ботакөз Баймұқанқызына арнап еске алу кешін жасады. Аталмыш телеарна директоры Клара Мұсақызының ұжымы керемет іс тындырды.

Тура апатайдың өзімен қауышқандай күй кештім. Сахнадан бейнесі жарқ еткенде, жұлдыздай ағып түскеніне биыл 18 жыл болғанына сенбедім. Тап сол қалпы! Күрескер Боташ! Әдемі Боташ!
Иә, осы саланы құлай сүйген Боташ талай құнды жобаларға қанат бітірді. Ұлт рухын көтерді. Мысы басып тұратын мықтылардан салиқалы, сауатты сұқбат жасады. Талай адамды елге танытты. Қазір бәрі архивте тұр. Сол архивке кеше тіл бітті. «Ақжайықтың» бір қабырғасын тіреген Б. Баймұқанқызының жанкешті еңбегі өзі бар кезде еленіп, ескерілмегеніне қапаландым. «Арқа сүйер азаматы жоқ дейме. Жолымды жапқыштар көп… » дейтін кейде налып. Ол ақ жарқын, сабырлы, көпшіл еді. Қалам ұстаған қыздардың бәрімен дос еді.
Қызғаныштың қызыл иті ішінен ырылдап, үрмейтін. Бірді-бірге соғыстырып, ор қазып, күнәға батпайтын! Көңілінде Дәурені мен өлеңі, жұмысы тұратын! Сөйтіп жүріп жаралы аққудай ғайып болды. Алла тағала өмір парағын абырой биігінде қалдыру үшін ғұмырын қапияда қиды ма екен?..
Бота апа жайлы 2004 жылы жып-жылы естелік жазыппын. Кеше көрмеден көзім шалды. Бір күні филфактың студенттері ақынды жатақханаға ертіп келіп, өлең оқытты. Енді шәй берейін десе, бір түйір қант таппай, қиналды. Әр бөлмеден кәмпит, тоқаш жинады. Мұны естіген мейірімді жан іші-бауырымызға кіре жаздады. Өмір-ай!
Иығына төгілген қолаң шашы, қара қасы, мақпал көйлектері мені де қызықтыратын. Ал кейбіреулер оның көркін де, көйлегін де көре алмайтын! Өнерін былай қойғанда! Бұл шындық! Содан ба, талай айтыстан шеттетілді. Жүрегі жараланды! Бірақ, ақылы мен қайраты жеңіп шықты! Жалғыз өзі Дәурен ұлын бәйгеге қосты! Маңдайға сыймай ерте кеткені өте өкінішті! Тірі жүрсе жырын жырлап, әдебиетке сүбелі үлес қосар еді.
Сәті түскенде қалалық бейітке барып тұрамын. Бота апаның мәңгілік үйі Мақпал мамамның төңірегінде жатыр. «Әне, Боташ апа қарап тұр! Сәлем берейін!» деп жүгіріп кетемін. Құлпытастағы сұлу жүзі жүрегімді сыздатады кеп…
Қазір адамдар арасында мейірім, сыйластық «суалған» шақта гүлді-гүлді көйлегіңіз көлбеңдеп жанымда жүрсеңіз ғой, әттең! .. Амал нешік! Өзіңіздей пейілі кең рухтастар азайып барады, БОТА АПА!
Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру