8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2024 3132 0
Қалалықтар қаперіне

Бөгеттегі құм-материалдар мешіт құрылысына пайдаланылады

Оралда су тасқыны кезеңінде салынған бөгеттер алына бастады. Бөгеттен шыққан құм мешіт құрылысына пайдаланылады. Бұл туралы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мәлімдеді.

Ең алдымен Исатай-Махамбет, Конкина, Шолохова көшелері, Самал және Жайық жағалауы аумағындағы бөгеттер алынады. Қала іргесіндегі құм қапшықтар әзірге бұзылмайды.

Айтса кетсек, су тасқыны кезеңі басталғалы қала бойынша ұзындығы 40 шақырымға жуық бөгет салынған. Оған 1 млн 200мыңға жуық құм салынған қапшық пайдаланылған.

– Негізгі бөгеттер өзен аңғарында орналасқан. Қауіпсіздік мақсатында олар орнында қалады. Қала орталығындағы бөгеттерді алып тастаймыз. Халық арасында оларды қайда апарып жатыр деген сұрақ туындайтыны жасырын емес. Бірінші ол материалдар мешіттің аумағындағы жер деңгейін көтеруге бағытталмақ. Өйткені құм қапшықтардың барлығы демеу қаржыға сатып алынды. Кейін өтініштер бойынша саяжай аумағындағы бөгеттерді биіктеті жұмыстарына қолданылады,- деді ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы

Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»