8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Сәуір 2024 2988 0
Мезгіл мәселесі

Су тасқынына қатысты кейінгі деректер

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Бұл туралы ТЖМ өкілі Асқар Шәріп айтты.


«Азаматтық қорғау қызметтері, волонтерлер және тартылған ұйымдар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр. Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Жұмылдырылған күштер мен құралдар қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су сору жұмыстарын жалғастыруда. Барлық кезек күттірмейтін шаралар қабылдануда», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, Атырау облысында Жылыой ауданының Құлсары қаласында су басқан үйлер мен аумақтардан суды сору және судың бағытын бұру, Жайық өзені бойында жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында да су тасқыны жағдайы тұрақты болғанымен әлі де күрделі. Су басқан үйлер мен аумақтардан суды сору жұмыстары, Есіл өзеніндегі судың деңгейіне мониторинг жалғасуда.

«Республика бойынша 26 785 адам өз үйлеріне оралды. 8 795 адам, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 708 тұрғын үй мен 2 774 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды», – деді Асқар Шәріп.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»