8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Сәуір 2024 2815 0
Оқиға

Есірткі сататын интернет-дүкеннің жарнамасын жапсырған

Ақсай қаласының тұрғындары Бөрлі аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласып, белгісіз екі жігіттің қандай да бір жарнаманы жапсырып жүргенін байқап, хабар береді.

Ақпарат түскен бойда ЖБО бейнебақылау камералары бойынша олардың қозғалыс бағыты анықталды. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, екі жас жігітті қолға түсіреді. Жеке тексеру кезінде олардың біреуінен есірткі сататын интернет-дүкеннің жарнамасы бар 52 жапсырма табылып, тәркіленді. Сондай-ақ ұсталған адамның телефонынан интернет-дүкеннің жарнамасы бар фото есептермен бірге хабарламалар табылды.

Ұсталған азаматтар Орал қаласында тұратын ағайындылар екені белгілі болды. Анықталғанындай үлкен ағасы Telegram желісі арқылы есірткі сататын интернет-дүкенге жұмысқа орналасқан және оған жарналамау қызметін жүргізу жүктелген.

Ол интернет-дүкеннің жарнамасы бар 800 жапсырмаға тапсырыс берген. Сол күні інісімен бірге Ақсай қаласына келеді. Жарнаманы Ақсай қаласындағы қоғамдық жерлерде жапсырған. Үлкен ағасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
143 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»