8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2024 2939 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары су тасқыны орын алған аумақтарды көрді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Батыс Қазақстан облысына іс-сапармен келді. Роман Скляр БҚО әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге су тасқыны болған аумақтарды тікұшақпен аралап, жағдайды өз көзімен көрді.


Үкімет басшысының орынбасары көлемі жағынан ауқымды су тасқыны болған Теректі, Сырым, Қаратөбе аудандарының аумағын көрді. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев тасқынның алдын алуға, халықты қауіпсіз жерге көшіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты.

Қазіргі уақытта облыстың Теректі, Сырым, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында, сондай-ақ, Орал қаласында тасқынға байланысты табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланған. Су басқан аумақтар көп мөлшердегі жауын-шашынның салдарынан ұлғая түскен.

Қазіргі уақытта тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жүзеге асырылуда. 874 адам эвакуацияланды.

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жоюға ТЖД жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі мен ҚР ІІМ-нің мамандары қатысуда. 306 бірлік техника мен 146 мотопомпалар жұмылдырылды.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының және ТЖД әскери бөлімдерінің күштері тартылды. Қосымша ҰҚК Шекара қызметінің «МИ-8» екі тікұшағы жұмылдырылды.

Өңірде арнайы комиссия құрылып, келтірілген залал ды есептеу басталды. Р. Скляр барлық бағыттар бойынша су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетін болады.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»